{metadescription}
Сенаторлар сайлау мен митингілер туралы пікір білдірді        
Сенаторлар сайлау мен митингілер туралы пікір білдірді        

Сенаторлар сайлау мен митингілер туралы пікір білдірді        

Президент сайлауы әділ әрі ашық өтті. Сенаторлар саяси доданың нәтижесіне қатысты осындай пікір білдірді. Ал, рұқсат етілмеген митингіге шыққандарға депутаттар  арандап қалмауға кеңес берді. Жоғары палата депутаттары диалог алаңын құрып, тақырыпты тарқатуды ұсынды. Сондай-ақ, сенаторлар мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелердің барынан хабардар дейді.

Сондықтан Президент сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды жүзеге асыруды жақын арада қолға алатынына сенім білдірді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, Сенат депутаты:

-Бірінші рет 7 кандидат түсті сайлауға. Екіншіден әйел адам бірінші рет сайлауға түсіп отыр. 20 жыл оппозицияда болған Әміржан Қосанов түсті. Сондықтан бәсекелестік болды. Бірақ барлық сайлаудың бір заңдылығы бар. 7 бірдей жеңімпаз болмайды. Абай аталарыңыз: «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап, өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» дейді. Сондықтан бұл азаматтар елдің болашағына сенуі керек.

Бақытжан Жұмағұлов, Сенат депутаты:

- Халықтың кімге дауыс беріп жатқанын көріп отырмыз. Осы сайлау өте ашық өтті, әділ өтті. Үлкен ел болғаннан кейін әр түрлі пікірлер болады. Бірақ, біздің елімізге тұрақтылық керек. Тыныштық керек. Бұл біздің осы жылдары жеткен жетістеріміз.

Асқар Бейсенбаев, Сенат депутаты:

- Біздің халықымызға керегі тыныштық. Ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен соң енді оны сақтап қалу, енді оны әрі қарай дамыту, әділ дамыту, әділдікті үстем ету ол біздің негізгі аманатымыз. Міне біз осы салада жұмыс істеуіміз керек.

Бекмырза Еламанов, Сенат депутаты:

- Құқықтық мелекет болғаннан кейін Қазақстанның заңдарына сәйкес әрекет жасауымыз керек. Әр азаматтың пікірін білдіруге құқығы бар конституция бойынша, бірақ оны заң шеңберінде, заңда көрсетілген тәртіптер бойынша жүргізу керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.