{metadescription}
Тоқаев халықты не мазалайтынын айтты 
Тоқаев халықты не мазалайтынын айтты 

Тоқаев халықты не мазалайтынын айтты 

Ел тізгінін қолға алған Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде қызметіне кірісті. Бүгін ол ұлықтау рәсімі кезінде Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант беріп, президент куәлігін алды. Инаугурация кезінде Тоқаев алдағы 5 жылда немен айналысатынын айтып, маңызды 10 бағытты айқындап берді. Сонымен, ел сайлаған президенттің жоспары қандай? Ұлықтау рәсімі қалай өтті?

Бұл жолғы инаугурация да өзгеше. Тым қарапайым. Ақордадан рәсім өтетін жерге Қасым-Жомарт Тоқаев мотоциклдер бастаған үлкен кортежбен емес, бір ғана лимузинмен шықты. Ал, осы кезде Тәуелсіздік сарайында жиналған саяси элита президентті күтіп тұрды. Арасында сайлауда жеңіліс тапқан кандидаттар мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

- Сайланған президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев!

Салтанатты шара өтетін залға Тоқаев қызыл кіліммен жүріп өтіп кірген бойда, ұлықтау рәсімі басталды. Сөйтіп, су жаңа президент оң қолын конститутуцияға қойып, ант берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР-ның заңдары мен конститутциясын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, ҚР-ның президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін.

Осылайша көк туымызды сүйіп, президент куәлігін алған Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне ресми түрде кірісті. Осы кезде зеңбіректен оқ атылып, әнұранның әуенімен Ақордада байрақ көкке көтерілді.

Ерліктің дастаны еліме қарашы,

Ежелден ер деген даңқымыз шықты ғой

Намысын бермеген қазағым мықты ғой

Менің елім, менің елім.

Осыдан соң мемлекет басшысы алдағы 5 жылда немен айналысатынын айтып, маңызды 10 бағытты айқындап берді. Яғни, бәсекеге қабілетті, халықты ойлайтын, жемқорлықтан ада мемлекеттік аппарат құрып, байға да кедейге ортақ заң мен әділ сот орнатуды қолға алатынын айтты. Халықтың табысын арттырып, тұрғындарды  жұмыспен  қамту да басты назарда болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматтарымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық – біздің қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Сондықтан, дәл осы өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселені шешу үшін орта мерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет.

Ел экономикасын арттырып, ауыл-аймақтың дамуы және қазына қаржысының ханталапайға түспеуі де қатаң бақыланады. Сонымен қатар Тоқаев, билік халықпен санасуы керек екенін ескертті. Сондықтан жұрттың пікірін ескеруі үшін елімізде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылмақ. Ол тамыз айынан бастап қарапайым тұрғындардың  мұң-мұқтажына құлақ түруі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Власть обязана слышать запросы людей, решать проблемы на местах, регулярно отчитываться перед гражданами. Не обещать, а делать. Такого правила должны придерживаться все члены правительства и акимы. При принятии решений по стратегическим вопросам позиция большинства населения, безусловно, будет учитываться.

Алдағы жоспарын 20 минутта тізіп шыққан президент кейін сыртқа шығып, қарулы күштердің салтанатты шеруіне қатысты. Мұнда құрлық, шекара және әуе қорғанысы күштері сарбаздары мен элиталық бөлім жауынгерлері жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрмет көрсетті.

Осылайша, ұлықтау рәсімі  тура бір  сағатқа созылды. Иннаугурацияға шетел президенттері шақыртылған жоқ, тек елшілер келген. Ал салтанатты рәсім аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордаға аттанды. Өйткені, жұмыс кестесі өте тығыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.