{metadescription}
Бекіре балығына төлқұжат беріле бастады
Бекіре балығына төлқұжат беріле бастады

Бекіре балығына төлқұжат беріле бастады

Яғни, Атыраудағы құнды балық шабақтарын өсірумен айналысатын қос зауыттағы балықтардың әрқайсысы молекулалық-генетикалық құжатқа ие болады.

Ол үшін әуелі балықтардан биологиялық материал алынып, денелеріне микрочип салынады. Ал ондағы мағұлматтар ортақ дерекқорға енгізіледі де, мамандар бекіре туралы барлық қажетті ақпараттан хабардар болып отырады. Яғни, су маржандарының аталық не аналық екендігі, қай зауытта өсірілгендігі, жасанды немесе табиғи жолмен дүниеге келгені, өзендер мен теңіздегі қимыл-қозғалысын бақылап отыруға мүмкіндік болады. Сондай-ақ тұқымдық балықтардың қай зауытта өсірілгендігі туралы толық ақпарат та базаға жинақталады.  Бұл шара бекіре балықтарының тұқымдық сапасының сақталуына игі ықпал етеді,- дейді мамандар.

Елена Бокова, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалының ғылыми қызметкері:

- Мұндай жұмыстар арқылы жасанды жолмен шабақ шығару кезінде қандай биологиялық топтардың қатысатынын білуге болады. Яғни, олардың бір-біріне генетикалық байланысы бар ма, жоқ па, соны біліп отырамыз. Бұл олардан шығатын шабақтардың сапалы болуына мүмкіндік береді.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.