{metadescription}
Алматыда құрамында нитраты көп жеміс-жидек сатылып жатыр
Алматыда құрамында нитраты көп жеміс-жидек сатылып жатыр

Алматыда құрамында нитраты көп жеміс-жидек сатылып жатыр

Осылай деп дабыл қаққан санитарлық дәрігерлер сонау Чилиден жеткізілген жүзім мен Қытайдан келетін шабдалыда осы химиялық заттың көрсеткіші өте жоғары екенін анықтады. 

Бірқатар сауда орнындарында тексеру жүргізген мамандар аталған жемістерде нитрат көлемі қалыпты көрсеткіштен асып кеткенін айтып отыр. Осылайша 11 кәсіпкерге 1 млн теңгеден аса айыппұл салынған. Бүгінде сауда сөрелеріндегі адам денсаулығына қауіпті жеміс-көкөніс атаулы көбінесе Қытайдан келеді екен. Осылайша санитар дәрігерлер жеміс-жидектерді сатып аларда сақ болу керектігін ескертеді. Өйткені құрамында химиялық зат көп болғандықтан, адам уланып қалуы да ғажап емес. Сондықтан сырттан әкелінген өнімдердің түр-түсіне мән беру керек. Немесе тек жергілікті бау-бақшада өсірілген көкөніс пен жемісті тұынған абзал. Енді мамандар сатылымға шыққан қарбыздарды тексеріп көрмекші.

Айзат Молдақасымқызы, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- Көбінесе балаларға қауіпті. Аллергия шығарады. Бауырға әсер етуі мүмкін. Асқазанға, ішек аурулары шығаруы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.