{metadescription}
Тестілеу нәтижесі бойынша мектептердің рейтингін жасауға тыйым салынды
Тестілеу нәтижесі бойынша мектептердің рейтингін жасауға тыйым салынды

Тестілеу нәтижесі бойынша мектептердің рейтингін жасауға тыйым салынды

Биыл мектеп бітірушілердің 72 пайызы, яғни 117 мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысады. Ал тестілеу маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында өтеді.

Білім министрінің айтуынша, биыл ҰБТ 10 күн ішінде тоғыз кезеңмен өткізіледі. Тестілеуден өту үшін ел аумағында 169 тапсыру пункті дайындалған. Олардың барлығы ұялы телефон байланысын өшіретін құрылғылармен және бақылау камераларымен жабдықталыпты. Сондай-ақ, биылдан бастап ҰБТ қорытындылары бойынша мектептердің рейтингін жасау деген болмайды. Қазіргі уақытта тестілеуді өткізу және бақылау үшін өңірлерге министрліктің арнайы өкілдері жіберіліп, тест материалдары құпия түрде өңірлерге жеткізілген. Жалпы биыл жоғары оқу орындарының бакалавр деңгейіне түсу үшін 53 785 грант бөлініпті. Айта кетерлігі, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге ақпарат парағы беріледі. Онда мамандықтар тізімі мен грант саны және шекті балы көрсетілмек. Биыл тест сауалдарыны 30 пайызға жаңартылған.

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым министрі:

- Мысалы, заңтану мамандығында әдетте өте үлкен конкурс бар. Грант аз бөлінеді. Шекті балы 130-дан көп. Сондықтан 120 әлде 100 балл алған бала ол осы ақпаратты біле отырып, дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.