{metadescription}
Митинг кезінде 300-ден аса полицей ауыр жарақат алған
Митинг кезінде 300-ден аса полицей ауыр жарақат алған

Митинг кезінде 300-ден аса полицей ауыр жарақат алған

Таяқпен, таспен, арматурамен ұрған. 9 және 11 маусым аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болған митинг кезінде 300-ден аса полиция қызметкері ауыр жарақаттанған. Алтауы әлі аем қабылдап жатыр. Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай мәлімдеді. Ведомоства басшысының сөзінше, «Митингтер мен демонстрациялар» туралы заңды бұзған 3 мың адам бостандыққа жіберілсе, қалғаны әкімішілік жазаға тартылыпты. 

Заңсыз акцияларға қатысқандар тәртіп сақшыларының өміріне қауіп төндірген. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзінше, митинг кезінде жарақат алған 6 қызметкер әлі емделуде. 

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:

- 300-ге тарта полицей дене жарақатын алды. 6-уы әлі ауруханада жатыр. Олардың үшеуі 9-шы және 11 маусым аралығында түскен. Мен мұны бірінші рет айтып отырмын. Видео мен фотода полицияға қалай шабуыл жасалғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Қалқанды теуіп жатыр. Дене жарақаттары көбіне таяқтан, арматура мен тастан болды. Кейбір азаматтар осыларды пайдаланып, жағдайды ушықтырғысы келгені рас.

Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық тәртіпті бақылауға барып, зардап шеккендердің бірі Жұмабек Шайхысламұлы. Жастар сарайының маңында басынан ауыр соққы алдым дейді. 

Жұмабек Шайхысламұлы, Көліктегі полиция департаменті жолаушылар пойызындағы ілесіп жүру баталонының І рота инспекторы:

- Сол жағымда тұрған әріптестерге «Байқаңдар! Бөтелке лақтырып жатыр» деп жатқанда өзімнің оң жақ басыма қатты заттың тигенін байқадым. Құлап бара жатқан кезде қасымдағы әріптестерім екі қолымнан алып сол маңда тұрған жедел жәрдемге жеткізді.

Дәрігерлердің сөзінше, тәртіп сақшысының жарақаты орташа деңгейде. Өміріне қауіп жоқ. Алдағы апта қатарға қайта қосылады.

Жансерік Шаухымбердиев, ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталі травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Біздің ауруханаға 3 қызметкер келіп қаралды. Оның екеуі амбулаториялық емге жіберілді. Жарақат алған бір науқас  бөлімшеге жатқызылды. Бас миының шайқалған. Бас жағынан ашық жарақат алған. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Қажетті ем-домдарын толықтай алып жатыр. Жібін енді 2-3 күннен кейін шешеміз басынан. 

Алматы қаласындағы шеру кезінде полицей Нұрбол Бекназаров аяғын сындырған. Наразы топ жолдың бойына шыққан сәтте көлік жүргізушісі бұйрыққа бағынбай әдейі қаққан. Науқастың тізесіне дереу ота жасалды.

Нұрбол Бекназаров, полиция қызметкері: 

- Төле би даңғылының бойында автовокзалға қарама-қарсы бір топ адам жиналып жатыр деген бұйрық түсті. Сол маңға біз бардық. «Тойота» автокөлігін тоқтатуға барғанда оған қолымды көтеріп «Тоқта» деген нұсқау бердім. Ол бағынған жоқ, соғып оқиға болған жерден кетіп қалды. 

Ұлының жағдайына алаңдаған анасы тезірек сауығуын тілейді. Аяққа нық тұрғанша кемі 2,5 ай емделуі тиіс. 

Мансұра Бекназаров, Н. Бекназаровтың анасы:

- Жұмыс бабында болған оқиға. Аман-есен болсын. 2 ұлы, 1 қызы бар. Қиын болды балама. Бір жеріңе тікен кірсе де ауырады ғой. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция наразы топқа қарсы газ қаруы мен дубинка қолданбаған. Жалпы шеруге шыққан 4 мың адамның ішінен негізсіз ұсталған 3 мыңы босатылған. 677 адам сот арқылы арқылы әкімшілік қамауға алынса, 305-не айыппұл арқалаған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде