{metadescription}
Алматыда әлемдік премьераның тұсауы кесілді
Алматыда әлемдік премьераның тұсауы кесілді

Алматыда әлемдік премьераның тұсауы кесілді

Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» балеттік қойылымы көрерменге жол тартты. Оны әлемге әйгілі Болат Аюханов сомдады. Іс-шара Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Еліміздің музыкалық театры тарихында тұңғыш рет белгілі қобызшы Қорқыт туралы балеттік қойылым қойылды. Қойылымның режиссері жас хореограф Дамир Оразымбетов. Ол өз тобымен жаңа қойылымға 5 ай дайындалған. Пьесса бас кейіпкердің тағдыры туралы. Өмір жолында өз ұстанымы мен рухани әлемін бұзуға тырысатын әртүрлі адамдармен жолығады. Бірақ барлық қиындықты жеңе отырып, өмірдің мәнін түсіндіруге тырысады. Сондай-ақ, қобызға алғаш тіл бітіріп, үнін күй етіп сөйлеткен аңыз адамға айналғандығы анық суреттелген.

Дияр Акенов, Мемлекеттік академиялық би театрының жетекші солисті:

- Ол өмірде мәңгілік дүниені іздейді. Соңында оның мүмкін емес екенін және мәңгілік ештеңенің жоқ екенін түсінеді. Сол уақытта қобызды ойлап тауып, өнерге жаңа тыныс әкеліп, ерекше құрметке ие болады. Осылайша бізде өнеріміздің, балеттің көмегімен Қорқытқа деген құрметімізді жеткізуге тырыстық.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.