{metadescription}
Түркістанда өгей қыздарын азаптап келген келіншек сотталды
Түркістанда өгей қыздарын азаптап келген келіншек сотталды

Түркістанда өгей қыздарын азаптап келген келіншек сотталды

Түркістанда жасөспірім үш қызды екі жылға жуық азаптап келген өгей шешеге қатысты үкім шықты. Бірер күн бұрын ғана босанған Жұлдыз Көбееваны сот кінәлі деп тауып, оған 4 жарым жыл жаза кесті.

Жетісайлық 28 жастағы келіншек кәмелетке толмаған үш қызды аса қатыгездікпен қинап келгені биыл сәуір айында әшкере болған. Ол екі жылдай күйеуінің бірінші некеден қалған үш қызының тырнақ астына ине тығып, мұздатқышқа қамап, тіпті ыстық суға отырғызып келген. Бұл сұмдық жайлы қыздардың бірі мұғаліміне айтып берген. Қатыгез келіншек қинау түрлері мен жазалау мерзімін жазып отыру үшін арнайы дәптер де арнаған. Енді ол абақтыдан шыққанша екі жасар ұлын күйеуі тәрбиелейді. Ал, қырқынан да шықпаған шақалақтың тағдырын арнайы орындар шешпек.

Қанатбек Қоңырбаев, Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

- Cол кішкентай баланың тағдыры қазір сол аудандық білім бөлімінің қорғаушы және қамқоршы мекемесінің қауына, осы қорғаншылық қамқоршылық мәселесін шешу үшін сол кісілерге берілді. Ар жағы сол атқару жүйесі білім бөлімі өздері сол баланың тағдырын өздері шешеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде