{metadescription}
Ақтауда сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт басын қатерге тікті
Ақтауда сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт басын қатерге тікті

Ақтауда сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт басын қатерге тікті

Ақтау қаласында өкпелетіп алған құрбысының 8-қабаттағы пәтеріне жоғарыдан түспекші болған 25 жастағы жігітті полицейлердің құтқаруына тура келді.

Әу баста сырттан көрген жұрт, ол өзіне өзі қол жұмсағалы жатыр деп ойлап қалған. Жігітке жалынып, ары қарай түспеуін өтінген. Ал романтик жігіт 8-ші қабатқа балкон арқылы шатырға тартылған кабель арқылы сүйіктісіне жетпекші болыпты. Тұрғындардың айғайын жолдан өтіп бара жатқан патрульдік полиция естіп көмекке келген. Оны бірі сөзге тартқан кезде екінші полицеймен бірнеше тұрғын жабылып шалбарының белбеуіне жармасып ішке тартып алды.

Ұланбек Қылыш, Ақтау жол патрульдік полициясының инспекторы:

- Қыз баланың жан айқайын естідік. Естіген бойда өзіміз сөйлесіп азаматты құтқарып алдық. Азамат қызымен ұрсысып қалғанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде