{metadescription}
Шымкентте «Диснейленд» пайда болады
Шымкентте «Диснейленд» пайда болады

Шымкентте «Диснейленд» пайда болады

Аттракциондарға бай аквапарк непалдық миллиардердің ақшасына салынады. Оған қанша ақша кетері әзірге белгісіз. Бірақ шетелдік миллиардер жоқ дегенде 100 миллион доллар жұмсағалы отыр екен.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, еліміздің үшінші мегаполисін дамытуға отандық байлар да атсалысып жатыр екен. Мәселен, жергілікті электростансаның газ құбырын жүргізуге 500 миллион доллар жеке инвестиция құйылған. Жалпы 2023 жылға дейін қаланы дамытуға барлығы 1 триллион 200 миллиард теңге қаражат жұмсалмақ. Алдағы 4 жыл ішінде бүкіл қаланы көркейту жұмыстары біткен кезде Шымкент туристер көп ағылатын орталыққа айналуы керек. Жоспар осындай. Сол үшін қазірдің өзінде қала тұрғындарын велосипедке отырғызу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр дейді әкім.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі:

- Қазір бізде 40 велостанса ашылған. Өздеріңіз білесіздер, Шымкент қаласында. Сонымен қатар, ПСД жұмыстары аяқталып жатыр, 150 шақырым велосипед жолы болады. Сол жоба біткен кезде студенттер велосипедке көшеді деп ойлаймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде