{metadescription}
Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаева түрмеге қайтып оралады
Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаева түрмеге қайтып оралады

Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаева түрмеге қайтып оралады

Абақтыда босанған келіншек бұған дейін Алматы сотының шешімімен жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде өтейтін болған. Алайда, Жоғарғы соттың кассациялық алқасы Бас прокуратураның шағымын қанағаттандырып отыр.

Құрсағындағы сәбиімен үкімді естіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылған Толыбаева наурыз айының басында ұл босанған еді. Кейін осы жағдайға байланысты сотталушының жазасы жеңілдеп, қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеге ауыстырылды. Бірақ, Бас прокуратураның наразылығынан соң Алматы сотының шешімі күшін жоймақ. Айта кетейік, Жанар Толыбаеваға атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендердің қылмысын жасырды деген айып тағылған. Ал, спортшыны көлігінің айнасы үшін ажал құштырған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жыл өмірін темір торда өткізеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде