{metadescription}
Аптаптан әбден шөлдеп, әлсіреген аққуларды құтқарып қалды
Аптаптан әбден шөлдеп, әлсіреген аққуларды құтқарып қалды

Аптаптан әбден шөлдеп, әлсіреген аққуларды құтқарып қалды

Оларды өздерінің мекендейтін жеріне жеткізу үшін аумақтық инспекция қызметкерлері 600 шақырым жол жүріп, 10 сағат уақыттарын жұмсады.

Өлім аузында жатқан аққуларды Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылындағы шалғай елдімекен тұрғындарының бірі көріп қалып, үйіне жеткізген. Қызған құмның үстінде отырған құс төрелерінің жалпы саны бастапқыда алтау болыпты. Оның екеуі өлі, қалғандары тірі күйінде табылған. Дегенмен, жүздеген шақырымды көтере алмай, жолда тағы бір аққу өліп қалды. Ал, өзгелерін аман алып қалу үшін инспекция қызметкерлері құстардың үстіне қайта-қайта су шашып отырып, Ақтау қаласының маңындағы Қаракөлге аман-есен жеткізді. Мамандардың айтуынша, топқа қосылған бұларға енді қауіп жоқ.

Ғаббас Досатов, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Аққудың миграциясы Бейнеу ауданының үстімен өтеді. Бұл жерде өткенде көп жаңбыр болды, сөйтіп үлкен көлдерге су толып қалған. Соған бәлкім, аққулар қонған болу керек. Ол жердің жемі аз. Сондықтан, әлсіреп, ұша алмай қалған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.