{metadescription}
Абай өлеңдерін оқу эстафетасына КТК тілшісі де қосылды
Абай өлеңдерін оқу эстафетасына КТК тілшісі де қосылды

Абай өлеңдерін оқу эстафетасына КТК тілшісі де қосылды

Абай мұрасына құрмет! Баладан мемлекет басшысына дейін ұлы ақынды ұлықтап жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы оқушының эстафетасын қабыл алды. Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны әлеуметтік желілерде басталған болатын. Бұл челленжге қатысушылардың саны күн сайын артуда.

Осылайша Абай өлеңдерінен үзінді оқуды 9 жасар Ләйлім-Шырақ президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ақпарат министрі Дәурен Абаев пен әнші Сәкен Майғазиевқа жолдаған болатын. Көп өтпей бастаманы алғашқы болып, Президентіміз елеусіз қалдырмай, жалғады.

Мемлекет басшысының игі шараны жалғастыруы жеткіншек үшін ғана емес, мен бүкіл ел үшін күптеген жағдай болғаны анық. Осылайша Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген жастардың ынта-ықыласын арттыруды өзінен бастады. Қазір эстафетаны ары-қарай барлығы іліп алып кетіп жатыр. Мәселен, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те жалғап, білім саласындағы әріптестеріне жалғастыруды ұсынды.

Бұл Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан ауқымды шараның біріне айналғалы тұр. Өйткені Мемлекет басшысы Абайдың алдағы жылы болатын мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сондай-ақ, эстафета арқылы ұлы ақынның ақыл мен білімге шақыратын барлық өлеңдері әр қазақтың кеудесінде сайрап тұрғандығының дәлелі.

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?

Махаббат, ғадауат пен майдандасқан,

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Ұлы ақынымызды ұмыттырмай ұлықтайтын бұл науқанды мен де қолдаймын. Сондай-ақ, барлық КТК телеарнасының көрермендеріне жолдаймын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде