{metadescription}
Экономистер қанттың қымбаттауын түсіндірді
Экономистер қанттың қымбаттауын түсіндірді

Экономистер қанттың қымбаттауын түсіндірді

Елімізде қант тағы қымбаттады. Шекер шығарып отырған отандық зауыттар толық күшімен жұмыс істей алмай отыр. Өйткені ел нарығын импорт жаулап алғандықтан, отандық өнімге сұраныс жоқ.  

Қазір жеміс-жидек пісіп, нағыз тосап қайнататын шақ. Алайда дәл осы кезеңде қант бағасы қайта аспандап, қарапайым халықтың қалтасына салмақ салуда. Қымбатшылық әсіресе қысқа қамдануға кіріскен көкшетаулықтарды қыспаққа алды. Бұл аймақта шекер келісі 280 теңгеге жеткен. Кей дүкендер 300 теңгеден саудалауда. Сондай-ақ, Қызылорда, Талдықорған қалаларында да қымбатшылық байқалады. Қанттың келісі 250 теңге. Әзірге ең арзан баға Шымкент өңірінде. Күнгейде тосап дайындауға қажет басты консерванттың келісі 230 теңгеден сатылып жатыр.   

Надежда Проскурина, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Біз сияқты зейнеткерлерге қанттың қымбаттауы қиын болды. Қысқа қажетті тосап, жеміс шырынын дайындай алмай отырмыз. Бағаны негізсіз көтергендерді жазалау керек. Бұл жылда қайталанатын құбылыс.

Статистикаға сүйенсек, шекер құны бір жылда 7,7 % пайызға өскен. Есесіне, импортпен келетін тәттінің жалпы үлесі ұлғайып, 13,6 % жетті. Ал экспорт көлемі тіптен 15 есеге азайып кеткен. Елімізде қант өндіру саласының халі көңіл көншітпейді. Жақында үш отандық зауыт жұмысын тоқтатты. Салдарынан қант өндірісінің қарқыны саябырсып, бақандай 45,4 % төмендеді. Яғни, зауыттардың өндіре алмаған тәтті өнімі 92 мың тоннаға жетіп, ішкі нарықтың жартысын да қамтамасыз ете алмай отыр. Экономистер құзырлы орган баға нарығын қадағаламаса, шекердің құны аспандай беретініне сенімді.

Мақсат Халық, экономист:

Нарықта бағаны ойыншылар шешеді. Қандай бағада алып келу керек, қаншаға сату керек дегендей. Ынталы топтың шешімі әрине халыққа кері әсерін тигізеді. Бұл жерде қантты сырттан әкелетін сатушылардың қызығушылығы басым деген сөз. Яғни, кәсіпкерлер қымбатқа сатып жатса бағаларын негіздеп беру қажет. Олай болмағанда, оларды әшкерелеу керек.

250 тоннаны Ресей мен Беларусьтан әкелсе, 100-ақ тонна өзімізде өндіріледі екен. Ал 2021 жылы Жамбыл мен Павлодар облыстарында шекер шығаратын екі зауыт салынса, импортқа тәуелділіктен құтылуымыз да мүмкін. Ал арзан кезінде қантты қабымен алып қоюға үлгермеген жұрт, қымбатын тұтынуға мәжбүр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде