{metadescription}
Элиталық тұрғын үйдегі өрт құрылысшылар мен құтқарушыларды қырқыстырып қойды
Элиталық тұрғын үйдегі өрт құрылысшылар мен құтқарушыларды қырқыстырып қойды

Элиталық тұрғын үйдегі өрт құрылысшылар мен құтқарушыларды қырқыстырып қойды

Шатырды жөндеймін деп үйді өртеп тынды. Елордада элиталық тұрғын үй кешенінің өртенуіне қатысты алдын ала себебі айтылды. Мердігер компания жұмысшылары оның шатырын жөндеп жатқан екен. От солардан шыққан болуы мүмкін. Ал құрылыс компаниясы өкілдері бүкіл қауіпсіздік шаралары сақталды деп шаң жуытпай отыр.

Төтенше жағдайға өрт сөндірушілер тез жеткенімен, қайыр жоқ. Үйдің үстіне шығып алғанымен шашатын суы жоқ, амалы құрып тұр. Үй ауласына кірген жалғыз өрт сөндіру көлігі тар жолда тапжылмай тұрып қалды. Бұл уақытта шатырдың қақ ортасынан басталған қызыл жалын қапталдағы бөлігіне қарай өткен.

«Британ кварталы» деп аталатын сән-салтанаты келіскен қымбат үйдің төбесі жұрттың көз алдында күлге айналып барады. Онсыз да тез жанатын материалға Арқаның желі қосылып, от өрши түсті. Әлденеше уақыттан кейін жалғыз түтіктен шаптырған су оған жетпей қалды. Өрт сөндірушілердің сылбыр қимылын сол жердегі куәгерлер де айтып берді.

Жәдігер Баржақсин, куәгер:

- Өрт сөндіру көлігі сусыз шыққан. Жанып жатса қарап тұр. Су атқыламай 40 минуттай тұрды. 40 минутта жартысына дейін жанып кетті ғой.

Өрт сөндірушілер дағдарып тұрғанда тілсіз жау шатырды жалмап, жоғарғы қабаттағы пәтерлерге де еніп кетті. Өрт сөндірушілердің бұл тірлігіне ашынған үй тұрғындары еш қайран қыла алмай, телміріп қана қарап тұрды. Сөйтсе, жұмысты қиындатқан үйдің өртке қарсы су құбырындағы қысымның аздығы екен. Амалсыз көшедегі ағаштарды суаратын көліктерді тартуға мәжбүр болды. Ал өрттің алдын ала себебі мынадай. 

Владимир Беккер, Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:  

Өрттің алдын ала себебі, шатырдағы жөндеу жұмыстарынан шығып отыр. Өрт сөндіру көліктерінің еркін кіріп-шығуына мүмкіндік болмады. Жол өте тар. Үйдің ауласында да құрылыс нысандары тығыз орналасқан. Көліктеріміз еркін қозғала алмады.

Оның үстіне, құрылыс нормалары бойынша егер үйдің шатыры жанғыш зат болса, оның астында өртенбейтін материал болуы керек. Ондай талап та сақталмаған дейді Беккер. Алайда құрылысты салғандар оның сөзін теріс айналдырды.

Максим Чернышев, «BI Group» компаниясының бас директоры:  

- Шатырда жасалған жөндеу жұмыстарында толығымен өрт қауіпсіздігі сақталды. Түбегейлі анық-қанығы енді анықталады. Әзірге компаниямыз зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, оларды қонақүйлерге орналастырып жатыр.

Сөйтіп, алапат өрт айналасы 2 сағаттың ішінде ауыздықталып, түн батқанда толық өшірілді. 4 пәтер от құрсауында қалды. Құдай сақтап тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Жалпы, «Британ» тұрғын үй алабы қаладағы ең қымбат үйлердің қатарынан саналады. Бұл жердегі екі бөлмелі пәтердің құны 50 миллион теңгеге дейін барады. Енді бір кезде сән-салтанаты келіскен қымбат үй қазір мынадай хәлге түскен.

Қазір өрт шалған пәтер иелері аман қалған дүние-мүліктерін сыртқа тасып жатыр. Ал үй аумағы толығымен қоршалған. Ендігі мәселе, үй іргесіндегі гидрандта су қысымы неге төмен болды? Қазір мамандар өрттің шығу себебінен гөрі осы сұраққа бас қатырып отыр. Өйткені, төтенше жағдай қызметі өкілдері егер су жеткілікті болғанда, мұнша шығынға батырмай, тез өшіруге болар еді дейді.

Кеше

19 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.