{metadescription}
Эльмира Суxанбердиева өзі отырмаған түрме жайлы кітап жазбақ
Эльмира Суxанбердиева өзі отырмаған түрме жайлы кітап жазбақ

Эльмира Суxанбердиева өзі отырмаған түрме жайлы кітап жазбақ

6 жарым миллион теңге айыппұлмен түрмеден құтылған Білім және ғылым вице-министрі тергеу изоляторында өткізген күндері туралы кітап жазбақ. Тіпті туындыны жарыққа шығаруға отандық қана емес, шетелдік баспаханалар да таласып жатыр екен. Шығарманың мазмұнын ашып айтпаса да бүгін Эльмира Суханбердиева қызмет бабын неліктен асыра пайдаланғанын түсіндірді. 

Сөзіне сенсек, аз қамтылған отбасылардың балаларына қымбат планшеттер пен телефон алып бергені үшін ғана айыпты екен. 

Эльмира Суханбердиева:

- Мен қызмет бабын асыра пайдаланды дегенді мойындадым. 1 маусым балаларды қорғау күні 41 бала министрлікке келсе бір кітаппен кетпесін деп енді сөйлестік. Айттық. Бірақ мемлекеттен бір тиын алынған жоқ.

Суханбердиева сол планшеттер мен ұялы телефонды министрлікпен тығыз жұмыс істейтін баспахана қожайындарына алдыртқан. Бірақ кәсіпкерлер жәбірленуші болудан жаппай бас тартыпты. Қызмет бабын асыра пайдаланудан бөлек вице-министр заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Яғни елордадағы №3-ші мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняевамен бірігіп мемлекеттік мектептің ішінен заңсыз жеке меншік гимназия ашып, ақылы түрде бала оқытып келген. Судья вице-министрдің құрбысына 1 миллион теңге айыппұл салып оны да бостандыққа жіберді. Тергеу кезінде шенеуніктен пара алу бабы алынып тасталған. Ал 34 күн изоляторда жатып бүгін 6 миллион теңге айыппұлмен сот залынан босап шыққан Суханбердиева бұдан-былай өмір бойы мемлекеттік қызметке жолай алмайды. Енді бизнес немесе ұстаздықпен айналысамын деген ол тәркіленген планшеттер мен ұялы телефондарды аз қамтылған отбасылардың балаларына қалайда беремін деп отыр. Тәркіленген гаджеттерді қайтару үшін тіпті Жоғарғы сотқа да шағымданбақшы. 

Эльмира Суханбердиева:

-  Балалармен сөйлескенде олар арманымыз ұялы телефон деді. Біреуі үш қарындасын оттан алып шықан бала. Біреуі екі жасар бауырын құдықтан алып шықты. Сол балаларды қуантқымыз келді. Соңында не болғанын өздеріңіз көрдіңіздер...

Кеше

19 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.