{metadescription}
Арыстағы қару-жарақ қоймасын біреулер әдейі өртеуі мүмкін
Арыстағы қару-жарақ қоймасын біреулер әдейі өртеуі мүмкін

Арыстағы қару-жарақ қоймасын біреулер әдейі өртеуі мүмкін

Қорғаныс министрі жарылыстардың себебіне қатысты осындай нұсқаның да болуы мүмкін екенін айтты.

Нұрлан Ермекбаев, Қорғаныс министрі:

- Найзағай да түсуі мүмкін. Бұдан басқа салғырттық, немқұрайлылық, әдейі өрт қоюы немесе техникалық себептер де болуы ықтимал.

Ал Арыс тұрғындарымен кездескенде оларды осындай жағдайға душар еткені үшін кешірім сұрағанын айтты. Жапа шеккендермен тағы жолықса, қайыра кешірім сұрауға да дайын. Министрдің айтуынша, қазір халық жүріп-тұратын жердің бәрі жарылғыш зат қалдықтарынан тазартылған. Ал әскери база аумағындағы түтіндеп жатқан жердің бәріне су себіліп жатыр екен. Ондағы қалған жарылғыш заттардың көп бөлігі басқа қоймаларға әкетілген. Енді қалған азғантай бөлігін тасу керек. Оларды көзін жою үшін арнайы компанияларға беруі де мүмкін. Немесе 60 шақырым жердегі полигонға апарып жарып жібереді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.