{metadescription}
Ауласын заңсыз плантацияға айналдырған
Ауласын заңсыз плантацияға айналдырған

Ауласын заңсыз плантацияға айналдырған

Семейде есік алдына қарасора өсірген азамат ұсталды. Жергілікті полиция қызметкерлері үйін тексеру барысында 110 түбін анықтаған.

Өзі есірткіге тәуелді болғандықтан, қарасора өсіргенді жөн көрген сыңайлы. Тіпті, медициналық сараптама барысында жігіттің есірткі шеккені де анықталыпты. Ал қарасораны жасыру үшін бақшадағы өсімдіктердің арасына еккен. Әйтсе де, шөптеріне баппен қарағаны байқалады. Себебі, өсіп тұрған жерінің топырағын еш құрғатпаған екен. Полицияның ақпараты бойынша, одан тәркіленген 110 түп қарасора ірі көлемде есірткі бизнесімен айналысу бабына жатады. Сондықтан бағбан-нашақор бірден қамауға алынған. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған болып шықты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.