{metadescription}
Маңғыстау облысында кәсіпкерлерге берілген жер телімдері қайтадан тартып алынуда
Маңғыстау облысында кәсіпкерлерге берілген жер телімдері қайтадан тартып алынуда

Маңғыстау облысында кәсіпкерлерге берілген жер телімдері қайтадан тартып алынуда

Маңғыстау облысында тұрғындарға кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында берілген жер телімдері қайтадан тартып алынуда. Осыдан 4-5 жыл бұрын Ақшұқыр ауылынан жер алған кәсіпкерлер, көлік жөндеу орталықтары мен дүкен секілді нысандар салып үлгерген. Бірақ, прокурорлар олардың заңсыз берілгендігін анықтапты. Яғни, жергілікті шенеуніктер жер телімдерін аукцион арқылы сатпай, қолына өтінішін ұстап келгендердің бәріне бөліп бере салған.

Түпқараған ауданындағы ауылдарға қарасты 200-ге жуық жер учаскесінің иелері қазір әрі-сәрі күйде. Жерді әлі игеріп үлгермегендер әліптің артын бақса, кәсіпкерлік нысандарын салып, шаруасын дөңгелентіп отырғандар бума-бума арыз жазып, тиісті орындарды аралаумен жүр. Алды жер телімдерінен сот шешімімен айрылған.

Асқар Бисенғалиев, Ақшұқыр ауылының тұрғыны:

- Бізге хаттама 2014-ші жылы шықты, берілсін деген. Ал, 2015 жылдың наурызында жерді жеке тұлғаларға конкурстар мен аукциондарда берілсін деген заң талапқа сай емес. Сондықтан жерді мемлекет меншігіне қайтарыңыздар деп отыр. Содан 7 ай сотқа қатынадық. Сөйтіп қайтадан заң күшін жойып, мемлекет меншігіне қайтарып алды.

Манас Жақсыбаев, Ақшұқыр ауылының тұрғыны:

- Сотқа қатыстық. Әкімдік жерді заң жүзінде бердік деп отыр.

Бірақ, ауыл әкімдігіндегілер жағдайды жақсы білгенмен, мұның қалай болғанын өзіміз де түсінбей отырмыз дейді. Өйткені, мұның бәрі 2015-16-шы жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысының кезінде болған. Ал, қазір оның орнына әкімдік сотқа барып, жауап беріп жатқан жайы бар.

Айсағали Нұғманов, Ақшұқыр ауылының әкімі:

- Былтырдан бері о аудандық прокуратура жер инспекциясына ұсыныс берді. Яғни жер телімдерін заңсыз деп тануды талап етіп сотқа беріп жатыр. Сот әкімдікті де жауапкер ретінде тартып жатыр.

Ал, жұртқа жерді оңды-солды берген бөлім басшысын наурыз айынан бері, Маңғыстау облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері тергеуде. Оған лауазымын асыра пайдаланып, жалған хаттамалар негізінде жер телімдерін аукционсыз таратқаны үшін айып тағылған. Ал, берліген учаскілердің жалпы кадастрлық құны 22 миллион теңгеден астам көрінеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.