{metadescription}
Нұр-Сұлтанда көпір салған құрылысшылар наразылық білдірді
Нұр-Сұлтанда көпір салған құрылысшылар наразылық білдірді

Нұр-Сұлтанда көпір салған құрылысшылар наразылық білдірді

Жарты жыл бойы жалақы көрмеген жұмысшылар наразылыққа шықты. Нұр-Сұлтан қаласында Есілдің үстінен көпір салып жатқан құрылысшылар шағымын айтып Еңбек министрлігіне барса, келісімшарттарың жоқ деп қайтарып жіберіпті. Енді оң жағалау мен сол жағалауды байланыстыруы тиіс көпір де, жалақы да жоқ. Бірақ, біздің тілшілердің келуі сол екен, полиция, еңбек инспекциясы, прокурор, тіпті аудан әкіміне дейін сол жерден табыла кетті.

Сала құлаш көпірдің құрылысы қала әкімдігінің тапсырысымен 2017 жылы басталған. Жоспар бойынша былтыр бітуі тиіс болған. Бірақ, соңғы шегіне келгенде тоқтап қалып, содан әлі бітпей жатыр. Оны бітіру былай тұрсын, жұмысшыларына жалақы бере алмай қалған.

Геннадий Ушаков, дәнекерлеуші:

- Мына темірдің үстіне мостопласт жаю керек. Содан кейін асфальт құйылады. Ар жағында перевалдар қалды. 90 пайызға көпір бітіп тұр. Ақшасының бәрін алып кеткен. Бізге айлық жоқ.

Құрылысшылардың төзіміне таң қалмасқа шара жоқ. Қыстың басынан бері жалақысын көрмегендер басқа жерден нәпақа тауып, мына жердегі алажағын күтіп жүре беріпті. Басшылары да бұлармен сөйлесуді қойған.  

Нұркен Назарханов, құрылысшы:

- 4 айда 300 мыңдай қарыз. Талап еткенде не істейсің? Бізбен мүлдем сөйлеспейді ғой.

Көпірдің негізгі бөлігі, яғни темір қаңқасының ұзындығы 263 метр. Соны салуға қала әкімдігі 9 миллиард теңге бөліпті. Ақшаның қайда кетіп жатқаны беймәлім. Оның қасында, екі басындағы жалғасып кететін тасжолын өзге компания салып бітуге жақын. Көлік қозғалысын шектеп тұрған көпір ғана.

Көпір қаланың екі басын ұштастырады. Мәселен мына бетінде «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан шыққан жолаушы заулап отырады да мына жерде Есіл өзенінің үстінен асып өтеді. Яғни, бұл өзеннің сол жағалауына өтті деген сөз. Болашақта бұл жол Ұлы дала көшесімен жалғасуы керек. Осының арқасында «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан шыққан жолаушы қаланы аралап жүрмей әуежайға небәрі 20 минутта жете алады. Қазіргі уақытта көпірдің 90 пайыз жұмысы бітіп тұр. Енді қалған шамамен 10 пайыз жұмысы жарты жылдан бері тоқтап қалған.

Көпір басына біздің келуіміз сол екен, жарты жылдан бері зар қақсап жүрген жұмысшылардың мәселесіне назар аударғандар аяқ-асты көбейіп кетті. Алдымен учаскелік полиция келді. Аздан соң қалалық еңбек инспекциясы да осы жерден табыла қалды.

Рустам Жандосов, Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Біздің мекемеде түскі ас 2 жарымға дейін. Бізбен бірге жүрсеңіз, 1-2 адам. Арыз бойынша шара қолданамыз.

Басы артық құжаттың керегі жоқ, ақ қағазды сол жерде тастың үстіне қойып арызын жазып берсе жетіп жатыр екен. Арыз жазып жатқаны сол еді, кенет Есіл ауданының әкімі де мәселенің басы-қасындай болайын деп, арнайы жұмсақ креслосын тастап келіпті. Әкім-қаралар арыз қабылдап жатқанда қаңтардан бері төбе көрсетпеген компания өкілдері де келіп жетті.

Александр Попов, құрылыс компаниясының өкілі:

- Мұнда құрылыс наурыз айында тоқтатылған. Қазір құрылыс басында қарауылдан басқа ешкім жоқ. Жалақы тек қаңтар-ақпан айларына берілмеді. Жазға дейін істеген біршама кісілер бар. Барлығының тізімін аламыз да мәселесін бір аптаның ішінде шешіп береміз.

Эфирге аз уақыт қалғанда Алматыда отырған құрылыс компаниясының басшысы хабарласып, ақшаларын аударып жатқанын хабарлады. Компания осылай жұрттың жалақысымен басы қатып жүре берсін, енді көпірді кім салады? Оның жауабы белгісіз. Белгісілі, ол бір-екі айдың шаруасы емес.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.