{metadescription}
Алматыда қоқыс тасушы көлік адам өліміне себепші болды
Алматыда қоқыс тасушы көлік адам өліміне себепші болды

Алматыда қоқыс тасушы көлік адам өліміне себепші болды

Алматыда қоқыс таситын көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 3 жолаушы түрлі жарақат алған.

Оқиға Алғабас ықшамауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, қоқыс таситын көлік Ақсай көшесімен солтүстік бағытқа қарай келе жатыпты. Сол сәтте жүк машинасының дөңгелектері жарылып, жүргізуші көлікті игере алмай қалады. Сөйтіп алдында келе жатқан Mitsubishi Lancer-ді қағып өткен. Ал жапониялық жеңіл автокөлік жоғары жылдамдықпен Hyundai Accent-ті соғыпты. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Дәрігерлер жеткенше жапон көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, кореялық машинаның 3 жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.