{metadescription}
Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, мәйітін ауласына жасырған
Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, мәйітін ауласына жасырған

Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, мәйітін ауласына жасырған

Әйелін өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған. Талдықорғанда аула ішіндегі жертөледен 42 жастағы әйелдің денесі табылды. Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның күйеуі және тағы бір адам ұсталған.

Бейнежазбада күдікті барлық айғақ заттар мен мүрденің қайда жатқанын көрсетіп жүр. Қанды оқиға Талдықорғандағы жалға берілген жер үйлердің бірінде болыпты. Ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс қып-қызыл жанжалға ұласып, көзіне қан толған отағасы әйеліне пышақ сұққан. Марқұм оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Ал ашуға мінген күйеуі істеген ісіне өкінбек түгілі қылмысын жасыруға бел байлайды. Тіпті, сол үшін көмекке досын шақырыпты. Кейін танысы екеуі мәйітті ауладағы жертөлеге түсіріп, сонда жасырған.

Алтай Қасымов, Талдықорған қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі:

- Аталған дерек бойынша Талдықорған қалалық ПБ мен ҚР қылмыстық процестік кодексінің 99 бабы, 1 бөлімімен сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде