{metadescription}
Алматыда бір сәтке жарық өшіп, көліктер кептеліп қалды
Алматыда бір сәтке жарық өшіп, көліктер кептеліп қалды

Алматыда бір сәтке жарық өшіп, көліктер кептеліп қалды

Алматы бүгін жарықсыз қалды. Қаланың көп бөлігі жаппай электр қуатынан ажырап, қозғалыс қиындады. Әсіресе, метро мен троллейбустың тоқтауы жолаушыларға келеңсіздік тудырды. Бағдаршамның істемей қалуы салдарынан кептеліс көбейтіп, азық-түлік дүкендерінің сатушылары өнімдері бұзыла ма деп уайымға салынды. Мегаполисте жарықтың өшуіне не себеп болды?

Ірі мегаполисте осыншама уақыт жарықтың өшуін ешкім күтпеген еді. Әсіресе, Оңтүстік Кореядан Алатау баурайына алғаш қыдырып келген Сон Но Алматының алабөтен мінезіне қайран қалғандай. Метродағы қозғалыс тоқтағандықтан, күннің ыстығында жарықтың қосылуын кешікпей берер деген оптимизммен күтіп тұр.

Сон Но, турист:

- Қайда барарымызды білмей қалдық. Қозғалыстың қашан қалпына келетінін хабарлайтын табло да жоқ. Шыны керек, мұндай қиындыққа тап боламыз деп ойламадық. Таксимен шаһарды шарлау шығын. Сондықтан, әзірге күте тұрамыз-ау.

Сонның сан соғатынындай бар. Өзге емес, Алматыға қыдырып келген өзіміздің де туристердің елдегі жалғыз метроны көреміз деген көңілдері бүгін су сепкендей басылды.

Жарыққа күні қараған троллейбустар да бүгін күн астында қақталып, қаңырап тұрды. Жүргізушілері не жүре алмай, не тастап кете алмай дел-сал күйге түскен.

Бағдаршамдар да қаланың көп бөлігінде істемей қалғандықтан, кептеліс әдеттегіден ерте басталды. Көліктер нөпірін бір қолмен нұсқап, екінші қолмен тер сүртіп тұрған полицейлерге де бүгін оңай болмады. Азық-түлік дүкендерінің дені шығын көрді. Өйткені кей өнімнің салқындамағанына екі сағаттан асса бұзылуға бейім келеді.

Алматыда мұндай жағдай соңғы рет 2008 жылы болған. Ол кезде Қырғызстандағы су-электр станциясындағы апат салдарынан тіпті облыс аумағында да жарық үш сағатқа сөніп қалды. Енді сақтық үшін кей пысықайлар кішігірім генератор сатып аламыз ба деген ойға кеткен.

Қазір қала қалыпқа келді. Бірнеше сағат болмаған жарық дерліктей барлық көшеде қайта қосылды. Алматының Тұрғын үй шаруашылығы энергокешені бүгінгі келеңсіздіктің негізгі себебін айтты. Шаһарды жарықпен қамтамасыз ететін негізгі электр бекетінің бірінде апат болған. Сол себепті осындай сергелдеңге жол берілген. Осы жағдай енді атқамінерлердің қосалқы қуат көзінің жұмысын қайта қарауына себеп болар деп сенейік.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде