{metadescription}
Түркістан облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Түркістан облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Түркістан облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Тас жолда талқандалған тағдырлар. Түркістан облысында ірі жол апаты болды. Халықаралық Шымкент – Ташкент жолында Камаз жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус соқтығысты.

Салдарынан, 5 адам оқиға орнында жан тапсырса, тағы 6 жолаушы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында жолаушылар тасымалдайтын «Мерседес» көлігінің жүргізушісі де бар. Жантүршігерлік апат Шымкенттен 70 шақырым жердегі Қазығұрт ауылының маңында түс әлетінде болған. Белгілісі адамдарға толы шағынавтобус Шымкенттен шығып, Сарыағашқа бет алған. Оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Шымкент Жібек жолы тасжолында шамамен сағат 13.15-те жол көлік оқиғасы болды. Микроавтобус Мерседес Камаз автокөлігінің артынан соққан. Бұл жәйт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді. ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде