{metadescription}
Ыстықкөлге барған отандасымыз із-түссіз жоғалып кетті
Ыстықкөлге барған отандасымыз із-түссіз жоғалып кетті

Ыстықкөлге барған отандасымыз із-түссіз жоғалып кетті

Айырқалпақты ағайындылар еліне демалуға аттанған 53 жастағы алматылық Аркадий Мальковтан 2 күннен бері хабар-ошар жоқ.

Бірге барған досының айтуынша, Аркадий 14 шілдеде күндізгі уақытта жоғалған. Қара-ой ауылынан скутер жалға алып, көлдің оңтүстік жағалау жағына кеткен көрінеді. Содан бері қайтып келмеген. Бір белгілісі үстінде құтқару жилеті болған. Қазір іздестіру жұмысына ұшақ жалданып, 200-ге тарта полиция қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, 81 құтқарушы мен 12 қайық тартылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде