{metadescription}
Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапқан студент қыздың ісі жабылып тынды
Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапқан студент қыздың ісі жабылып тынды

Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапқан студент қыздың ісі жабылып тынды

Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапқан студент қыздың туыстары әділеттілікке қол жеткізе алмай жүр. Олардың айтуынша, Сандира Серікханды біреулер әдейі 17-ші қабаттан құлатып жіберген көрінеді. Чанчжоудағы ең мықты университеттің біріне грантқа түскен қандасымыздың өмірінің соңғы сәттері таспаға да түсіп қалыпты. Бірақ іс суицид деп жабылып тынған.

- Бүгін бізде той. Ағамның туған күніне барамыз.

Сандира Серікхан Нұр-Сұлтандағы ең мақтаулы гимназияның түлегі. Небәрі 16 жасында қытай тілін меңгерген қыз бірден грантқа оқуға түскен. Алайда, Қытайға арман арқалап кеткен қара көзіміздің елге табыты келді. Сондағы полицияның ресми мәліметі бойынша, сабағын 5-ке оқып жүрген қыз өз еркімен 17-ші қабаттан секіріп кеткен.    

Әлнұр Ағаева, марқұм С. Серікханның нағашы әпкесі:

Сандира суицид жасады дегенге сенбейміз. Ол жазғы демалысқа үйге жиналып жатқан. Сол күннің алдында ғана видеомен сөйлестік. Бауырларына сатып алған сыйлықтарын көрсетіп, анасымен мәз-мейрам болған. Қызымызды әдейі өлтіріп отыр.

Қыздың инстаграмынан белгілі болғанындай, сол күні Сандираны Баян деген басқа бір студент клубқа барайық деп қоймай, ақыры көндіріпті. Онда Мадияр және Данияр деген достарымен таныстырған. Кеш соңында Данияр пәтерден бір зат алу керек деген сылтаумен бірге баруын өтініп қоймаған екен. Қыз келіскенімен, табалдырықтан әрі аттағысы келмей тұрғаны подьездегі таспаға түсіп қалған. Видеода жігіт қызды жетектеп кіргізген дейді Әлнұр Ағаева. Біраздан соң Сандира пәтерден жылап шығады. Әрі қарайғы жағдай таспадан тыс жерде жалғасқан. Жігіттің айтуынша, қыздың 17-ші қабаттан қалай құлап кеткені есінде жоқ. Не үшін жылап жүргенін де түсіндіріп бере алмапты. 

Әлнұр Ағаева, марқұм С. Серікханның нағашы әпкесі: 

- Данияр Иманқұлов ол Шымкенттен. Қыз неге жылады деген сұраққа жауап бере алмады. Айтуынша, өзі де шокта болған.

Білмеймін деп басын ала қашқан жігіт сол күйі қарасын батырыпты. Үшеуі де оқу орнына іздеп барған қыздың әкесімен жолығудан бас тартып, телефондарын сөндіріп тастапты. Туыстары зорлық-зомбылық жасалды ма деп күдіктенеді. Одан қалды, қыздың бір аяқ киімі терезенің тұсында қалып қойған. Одан қалды, жақтаудан саусақ іздері табылмапты. Сол себепті де оны біреудің лақтырып жібергеніне сенімді. Бірақ мұны дәлелдеу мүмкін болмай тұр. Себебі, заңы қатал Қытай мәйітті 30 күн тексереді екен. Мұншама уақыт күте алмаған отбасы қыздың денесін сараптамасыз елге әкелуге мәжбүр болған. Ал іс «суицид» деп жабылып тынған. Еліміздің дипломаттары істі қайта қарауды сұрапты. Бірақ қорытындысы өзгермеген.     

Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Қытай тарапы бұл істі қайта қарап шықты. Істі қайта қарау нәтижесі бойынша жазатайым оқиға саналатын боп шықты.

Небәрі 19 жастағы Сандира Серікхан үйінің үлкені екен. Отбасында 4 бала. Кішкентай бауырлары әпкесі келеді деп күнде күтіп жүр. Жалпы, қазақ студенттерінің шетелде қаза табуы бірінші жағдай емес. Мәскеуде оқу қабырғасында құлап өлген Томирис Байсафаның да ісі созбалаңға салынып, бір жарым жылдан бері туыстары әділеттілік таппай келеді.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.