{metadescription}
Биткоин биржаны тағы да сілкінтті
Биткоин биржаны тағы да сілкінтті

Биткоин биржаны тағы да сілкінтті

Ел арасында елес ақша аталып кеткен криптовалюта бірден 10 пайызға арзандап, қолданушыларын едәуір алаңдатып қойды.

Биткоин 10 мың доллардан жоғары бағаланған. Бірақ, CoinMarketCap таратқан мәлімет бойынша бүгін таңертең 9 766 долларға түсті. Яғни, бір түнде 10,35 пайыз арзандап кеткен. Кілең криптовалюталарды саудалайтын биржада басқа да электронды ақшалардың құны 10 пайыздан төмендеген екен. Айта кетейік, әлемде айналымда жүрген ақшаның 262 миллиард долларға жуығы криптовалюта. Яғни, биткоин нарықтың шамамен 66 пайызын алып отыр деген сөз. Десе де, атышулы ақшаның арзандап жатқанына қарамастан, оны негізгі кәсібіне айналдырған миллиардерлер биткоинға арнап қалта ашуды ұсынған. Тіпті, оны фейсбукпен байланыстырғысы келген. Десе де, АҚШ-та әзірге бұл ұсыныс қолдау таппай отыр. Тіпті, Дональд Трамптың өзі криптовалютаға сенімсіздікпен қарайтынын айтып салған болатын.        

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.