{metadescription}
Ыстықкөлде жоғалған отандасымыз таксимен өзі оралған
Ыстықкөлде жоғалған отандасымыз таксимен өзі оралған

Ыстықкөлде жоғалған отандасымыз таксимен өзі оралған

Ыстықкөлде жоғалған отандасымыз табылды. 2 күннен бері із-түссіз кеткен алматылық 53 жастағы Аркадий Мальков кеше түнде «Алтын-көл» демалыс үйіне таксимен өзі оралған. Оның айтуынша жалға алған скутері істен шығып, көл ортасында қалып қойыпты. Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталып, мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

Турист 14 шілдеде күндізгі уақытта хабар-ошарсыз кетіп, іздеу салынған болатын. Бірге демалуға барған досының айтуынша ол Қара-ой ауылынан скутер жалға алып, көлдің оңтүстік жағалауына кеткен бойы қайтып келмеген. Сол сәтте іздестіру жұмыстары басталып, Қырғызстанның 200-ге тарта полиция қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, ұшақ жалданып, қайықтар тартылды. Осылайша шарқ ұрып көлден іздеген Аркадий пансионатқа аман-сау өзі оралды.

Аркадий Мальков, Алматы қаласының тұрғыны:

- Скутердің жанармайы бітіп, көл ортасында қалып қойдым. Екі күн бойы скутерде ұйықтадым. Дауыл болып, құрылғым батып кетті. Ал мен күшім жеткенше жүзіп, жағалауға шықтым. Қатты шаршадым. Денем күнге күйіп қалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.