{metadescription}
КТК телеарнасы жаңа сериалдың түсірілімін бастады
КТК телеарнасы жаңа сериалдың түсірілімін бастады

КТК телеарнасы жаңа сериалдың түсірілімін бастады

Бақытсыздыққа ұрындырған байлық! КТК арнасы көрерменге ой салатын жаңа сериалдың түсіріліміне кірісіп кетті. Туындының аты – «Жат туыстар». Телехикая ауқатты отбасындағы адам сенгісіз жайттар туралы. Атап айтқанда, әке байлығына таласқан бауырлардың бақталастығы жөнінде. Бүкіл мұраны тек өзі ғана иеленгісі келетін жігіттер қандай құйтырқылыққа дейін баруға даяр? Олардың ет жақынына қатігездік жасауға дәті жібере ме?

Жалғанды жалпағынан басқан байдың өмірі бір-ақ мезетте қиылады. Нағыз шым-шытырық осыдан басталады. Әкесі өлмей жатып құлын-тайдай тебісіп өскен туған бауырлар арасында мыңғырған байлыққа талас қызады.

Гүлжамал Қазақбаева, актриса:

- Бұрындары талай сериалдарға түсіп жүрмін, бірақта дәл осындай күрделі бейне әлі кездескен жоқ. Бұрын басқа елдердің сериалдарын көрген кезде «құдай-ау, енді не болар екен, енді не болар екен» деп былай адамдарды тартып сөтіп тұрады ғой, мынау дәл сондай сериал болып шығатын шығар деп ойлаймын.

Гүлжамал Қазақбаева сценарийді оқыған бойда сериалға түсуге бірден келіскенін айтады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі хикаяда ауқатты отбасындағы бала күтушінің рөлін ойнайды. Байдың ұлдарын кішкентайынан өсірген әйел олардың әкесінің денесі суымай жатып, жасаған әрекеттеріне сене алмай, ақыры ашуға булығады.

Гүлжамал Қазақбаева, актриса:

- Осындай қаралы күн болып жатқанда үйде айқай-шу шығаруға ұялмайсыңдар ма? Құдай-ау, адамгершіліктен безгенсіңдер ме, сендер? Адамгершілікті ақшаға айырбастаған екенсіңдер! Деген сияқты сондай!

Актрисаның нақ осы образы сериалдың нағыз дәм-тұзын келтірген. Ал сериалдың желісі Голивудтың шытырыман оқиғалы фильмдерінен асып түспесе, кем емес. Әке байлығын теңдей бөліп емес, тек өзі ғана иемденгісі келетін бауырлардың небәрі сұмдық әрекеттері жаға ұстатады. Сериал режиссері Гүлбаршын Әбу-Бәкір шынайы өмірде де мұндай адамдар жоқ емес дейді. Сол себепті де, осы сериалды пайдаланып оларға ой салғысы келеді. 

Гүлбаршын Әбу-Бәкір, режиссер:

- Қазіргі заманда адамдарымыз сәл жылылық дегенді ұмытып деген сияқты. Адами қасиет, жылылық деген жоқ боп бара жатқаннан кейін осы сериалды көрсеткіміз келді. Отбасы деген нәрсені жақсылап көрсеткіміз келді.

Көрерменге ой салатын сериалдың түсірілім басталып та кетті. Туынды қазан айында КТК арнасынан көрсетіледі. Жеңіл дүниеден жалықсаңыз, ендеше жаңа туындыны жіберіп алмаңыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде