{metadescription}
Еліміздің азаматтары қажылық сапарға аттанып жатыр
Еліміздің азаматтары қажылық сапарға аттанып жатыр

Еліміздің азаматтары қажылық сапарға аттанып жатыр

Еліміздің азаматтары мұсылмандар үшін қасиетті бес парыздың бірі қажылық сапарға аттанып жатыр. Шалғайдағы Мекке мен Мәдинаға Алланың разылығын алу үшін биыл 3 мың 200 отандасымыз барады. Соның алғашқы легі, яғни, 400 адам кеше Алматы әуежайынан ұшаққа отырды.

Қажылыққа барушылар жылдағыдай Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейспен ұшып жатыр. Биыл Сауд Арабиясы Қазақстан үшін 3 мың 200 квота бөліпті. Мұсылмандық парызын өтеуге аттанған қауым 5-ші тамызға дейін діттеген жерлеріне толық жеткізілуі керек. Ал, елге 23 тамызға дейін оралып бітеді. Биыл тәу етуге бара жатқан қазақстандықтардың жасы 30 бен 50-дің аралығында екен. Олардың көбі Түркістан облысының тұрғындары. Сапарға шыққандардың жағдайын қадағалау үшін 55 адамнан тұратын арнайы қажылық миссия құрылған. Олардың қатарында теологтар мен білікті дәрігерлер бар. Діндарлардың айтуынша, Алланың қасиетті мекені Мекке мен Мәдинаға баруға ниет білдіруші отандастарымыздың саны жылдан жылға артып келеді.

Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

- Міне, тәуелсіздігіміздің арқасында бүгінгі таңда 60 мыңнан астам адам, біздің отандасымыз қажылық міндетін атқарды. Бірнеше ондаған мың біздің отандасымыз кіші қажылық – Умра қажылықтарын да өтеп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде