{metadescription}
Денесі өзенде жатыпты. Қызылжарда жоғалған мемлекеттік қызметкер өлі күйінде табылды
Денесі өзенде жатыпты. Қызылжарда жоғалған мемлекеттік қызметкер өлі күйінде табылды

Денесі өзенде жатыпты. Қызылжарда жоғалған мемлекеттік қызметкер өлі күйінде табылды

Петропавлда 5 күн бұрын жоғалған 28 жасар азамат өлі күйінде табылды. Сағындық Салықовтың жансыз денесін құтқарушылар Есіл өзенінің жағасынан тапқан. Мемлекеттік қызметте істеген Салықов сенбі күні туған күн кешіне барып, жұмбақ жағдайда жоқ болып кеткен еді.

Содан бері полицейлер мен 100-ден астам ерікті күн-түн демей іздеуге кірісті. Жоғалған азаматтың қалтасында несие төлейтін қомақты қаржысы да болған екен. Бірақ туыстары оның ешқандай ерсі қылығы жоқ, жауапкершілігі жоғары жігіт болғандығын айтады. Тіпті отырыстан кейін, бірге тұратын әпкесіне хабарласып, үйге келе жатқанын ескерткен. Десе де артынша оралмаған. Тіпті қоңырауға жауап бермепті. Бақылау камерасына оның көшедегі бұрылысты кесіп өтіп, Есіл өзенінің жағалауына қарай кеткені түсіп қалған. Содан кейін із-түссіз кеткен Сағындықтың жансыз денесі бүгін таңда Есіл өзені жағасынан 100 метр жерден табылып отыр. Қомақты қаржы өзімен болып шықты. Қазір қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Нұрбек Баекин, СҚО ПД Баспасөз қызметінің бас маманы:

- Тамыздың 7-сі күні таңертең полиция қызметкерлері Есіл өзеніндегі дамбы маңынан зорлықпен өлтіру белгілері байқалмайтын денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде