{metadescription}
Газ баллоншасы мен пневматикалық қаруды сатып алу тәртібі өзгерді
Газ баллоншасы мен пневматикалық қаруды сатып алу тәртібі өзгерді

Газ баллоншасы мен пневматикалық қаруды сатып алу тәртібі өзгерді

Газ баллоншалары мен пневматикалық қаруларды сатып алу тәртібі өзгерді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Бұдан былай арнайы дүкендер тұтынушының кәмелеттік жасқа толғанын растайтын құжатын көрмей қару сатпайды. Сондай-ақ, газ баллоншасын аламын дейтін азамат сотталмағаны туралы, есі дұрыс екенін растайтын анықтамаларды ұсынуға міндеттеледі. Ол аздай, қару ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білетіндігін дәлелдеуі тиіс. Тек содан кейін ғана қару-жарақ сататын дүкендер тауарын саудалауға құқылы. Ішкі істер министрлігі полицейлердің рұқсатынсыз сатылатын қарумен жасалған қылмыстың көбеюі талаптың күшеюіне себеп болғанын алға тартады. Мәселен, соңғы 2 жылда пневматикалық қарумен 130-ға жуық қылмыс тіркелген.

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:

- Газ баллоншаларының санаттарына қарай шектеу қоямыз. Өйткені оның өзі қауіптілігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, мектепте газ шашып, одан балалардың жаппай уланған дерегі көп кездесті. Сондықтан алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін, біз газ баллондарын білім ордаларына алып келуге тыйым саламыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде