{metadescription}
Алматыда үйі өртенген отбасыға көмек керек
Алматыда үйі өртенген отбасыға көмек керек

Алматыда үйі өртенген отбасыға көмек керек

Алматыда далада қалған отбасы көмекке зәру. Айтып келмейтін апат олардың жиған тергенін бір-ақ сәтте тып-типыл етті. 1 күн бұрын өртенген ескі үйді тілсіз жау түгел жалмаған. Ішіндегі дүниенің барлығы жарамсыз. Шеттей бала-шағамен баспанасыз қалған Альмира барар жер, басар тауымыз жоқ дейді. Өйткені, өртенген үйдің өзі 13 жылдан бері жалдап келген жалдамалы пәтері екен. Ал атқамінерлер бұл жағдайдан хабарсыз екенін жеткізді.

- Мына жерде балаларымның киімдері, мектеп оқулықтары, қысқы кұртешелері – бәрі болған. Бәрі өртеніп кетті. 2 жастағы балам тіпті шалбарсыз қалды. Үстіне не киіп жүр, сонымен қалды. 

Альмира Күзеубаева кешегі күнді қорқынышпен еске алады. Түс ауа шырт ұйқыда жатқан ол күйеуінің айқайлағанынан ояныпты. Жалғыз баспанасы отқа оранып, қою қара түтінді көргенде абдырап қалғанын айтады.

Альмира Күзеубаева, көп балалы ана:

- Мына жердің бәрі от болып жанып жатты. Ана жерде есікте жамылғы ілініп тұрған. Сол жамылғы бүйтіп ағып жатыр. Бәрі ағып жатыр екен. Бірдеңе атылды. Не атылғанын білмеймін. Газ баллоны жарылды дейді.

Бұл отбасының басына түскен алғашқы қиындық емес. Өздері қалада тұрса да, еш жерде тіркеуде жоқ. Жары да жұмыссыз. 2 баласын пәтер қожайындарының үйіне тіркеуге тұрғызып, әзер мектепке берген көрінеді. Альмираның өзі туғанынан мүгедек. Ал, енді өрттің кесірінен басындағы баспанасынан айырылып, далада күнелтуге мәжбүр. 

- Балалармен осы жерде ұйықтадық. Баратын жер жоқ. Қонатын жер жоқ. Ешқайда бара алмайсың.

Отбасыда жалдап тұрған пәтерлерін қалпына келтіретін шама жоқ. Альмираның өзі осыған дейін мешітке барып, мейірімді жандардың арқасында жан баққан екен. Ал, соңғы жағдайдан кейін аткамінерлер көпбалалы отбасыға қолдан келер көмекті көрсететіндіктерін айтты.

Ерлан Дауов, Жетісу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы:

- Көпбалалы отбасыға қонақ үй мәселесіне көмек береміз деп айтқанбыз. Альмира Игілікова ондай көмектің қазір керегі жоқ, көршімнің үйінде тұрамын деген. Сондықтан қазір балаларын мектепке дайындауға көмек береміз. Екі баласы мектепте оқиды. 52-ші мектепте. Сондықтан Сергей Валерьевичті жұмысқа кіргізуге көмек береміз. 

Ал жаңа пәтер берілетіні не берілмейтіні әзірге белгісіз. Сондықтан көпбалалы отбасы шенеуніктерден көмек сұрап жүр. Сондай-ақ мейірімді жандар да мүмкіндігінше қол ұшын созса деп тілейді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.