{metadescription}
Қызылжарда қаңғыбас ит қаптап кетті
Қызылжарда қаңғыбас ит қаптап кетті

Қызылжарда қаңғыбас ит қаптап кетті

Петропавлда қаңғыбас иттер қаптап кетті. Оған жер үйлердің сүріліп, үй иелерінің жаңа баспанаға көшуі себеп. Қала ішінде төбеттерге арналған арнайы пана жоқ болғандықтан, қиранды арасында кезіп жүр. Тіпті жақын маңдағы жұртқа қауіп төндіруде. Өйткені, азық іздеп азған иттер айналасындағы адамдарға шабатын көрінеді.

Мына иттер кезінде қожайындарына адал қызмет етіп, аулада байлаулы тұрған. Бүгінде күзеткен үйлері сүрілгендіктен қазір көше кезіп қалды. Жаңа пәтерге қоныстанған иелері үй жануарларын өздерімен бірге ертпей, қиранды арасында қалдыруға мәжбүр болыпты. Ал, сүруге кеткен ескі үйлердің орнына жақында жаңа ықшамаудан құру жоспарланған көрінеді.       

Светлана Усенко, қала тұрғыны:

- Үйімізде алабай итіміз бар. Бізді көшіріп жіберсе итті қайда қалдыратынымызды білмейміз.

Қанғыған иттер азық іздеп, күні-түні тентіреп жүретін көрінеді. Жергілікті тұрғындарды иттердің түнде ұлып, ырылдағандары мезі еткен. Ал, күндіз көшеде қауып ала ма деп жүруге қорқамыз дейді.

Татьяна Мюльбах, қала тұрғыны:

- Тамақ іздеп жүрмейтін жерлері жоқ. Мұндағы көпқабатты үйде балалар көп. Біз қорқамыз, итке де жанымыз ашиды. Өйткені, олар байлаулы тұрған үй жануарлары. Қорегін табу үшін топтасып жүреді.

Көше кезген үй жануарларының мәселесі бүгінде шешімін таппай тұр. Өйткені, оларға арналған қалада арнайы пана да жоқ. Ал, бұларды асырап алуға бірде-бір жан құлық танытар емес. Тіпті тастандылардың арасында асыл тұқымдыларда кездесетін көрінеді.

Еркебұлан Жаймұхамбетов, қалалық әкімдіктің ветеринария бөлімінің басшысы:

- Қаңғыбас иттерді аулаумен қаланың ветеринарлық станциясы айналысады. Иттерді екпе салу арқылы ұйықтатады. Жинап әкетіп, бәрін бір-ақ өртейді.

Иттерді аулау және жою мәселесі шеңділердің шешімімен бекітіліпті. Заң бойынша құрықталған қаңғыбас иттер арнайы мекемеге жеткізіледі. 2 ай ішінде иесі іздеп келмесе, олардың көзін жоюға қақысы бар екен. Бірақ, жануарларды қорғаушылар бұл шешімге мүлдем келіспейтіндіктерін айтады.

Валентина Василенко, «Фауна» жануарларды қорғау қоғамының төрайымы:

- Иттерді аулайтын қызметкерлерде иесі мен үйін тапқанша ұстай тұратын уақытша орын жоқ. Сол үшін де көлікпен атып әкетіп жатады. Бірақ, бұл заңсыз.

Сүрілген үй мен тастанды иттердің саны күн санап артып барады. Адам өмірі мен денсаулығына алаңдаған мал дәрігерлері қалайда мәселені май шаммен қарау керек деп отыр. 

Евгений Мишенко, ветеринар дәрігер:

- Иттердің тістеп алғаны өте қауіпті. Өйткені, құтыру ауруын жұқтыру мен жұқпалы аурулардың таралу қаупін тудырады.

Петропавлда жаңа үйлердің құрылысының қарқын алуы қаңғыбас иттердің көбеюіне тікелей түрткі. Олардан келетін қауіпті тұрғындар дабыл қағып айтқанмен, әзірге, құлақ  түрген атқамінерлер жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде