{metadescription}
Олимпиада чемпионының көлігінің айнасын ұрлаған жігіт сотта жылап тұрып кешірім сұрады
Олимпиада чемпионының көлігінің айнасын ұрлаған жігіт сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Олимпиада чемпионының көлігінің айнасын ұрлаған жігіт сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Ұрының көз жасы көл болды. Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған сұғанақ сотта жылап тұрып кешірім сұрады. Жарыссөз кезінде сөз алған Айдос Уәлиев өзін бас бостандығынан айырмауды өтінді. Ұрлық түбі қорлық екенін енді түсінген жігіт бұдан былай жат қылық жасамайтынын айтқан.

Айдос Уәлиев, сотталушы:

- Өтінемін, бас бостандығымнан айырмаңыздар. Мен түзелемін. Болған іске қатты өкінемін. Сол кезде қаржы жағынан қиын жағдайға тап болған едім. Бірақ, ұрлықтың арты жақсылыққа апармайтынын түсіндім. Маған алғашқы әрі соңғы мүмкіндік берулеріңізді сұраймын.

Қолымен істеген қылмысын мойнымен көтеруге дәті жетпеген 33 жастағы соқталдай жігіт жарты жылдан бері қамауда отыр. Ол 30 наурызда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында жүзушінің «Toyota Land Cruiserінің» айнасын қолды қылған. Дәл осында былтыр Денис Теннің көлігінің айнасын ұрлағандар оны пышақтап кеткенін еске салайық. Айдос Уәлиев сол күні тағы бір «Range Rover» маркалы машинаның айнасын шешіп алыпты. Күдікті 2 күннен кейін ұсталған болатын. Бірақ ол қос жәбірленушіге де материалдық шығындарын толық өтеп беріпті. Ал көлік иелері ұрыға қатысты қандай жаза қолдану керектігін судьяның еркіне қалдырған. Мемлекеттік айыптаушы болса, бір күнде 2 көліктің айнасын ұрлаған азаматты 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Арман Оразбақов, прокурор:

- Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденді деп ойлаймын. Заттай айғақтар бар. Яғни Айдос Уәлиевтен ұрланған айналар алынды. Саусақ ізі де бар. Оның үстіне, ұрлық жасағанын сотталушының өзі де мойындады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде