{metadescription}
Нұр-Сұлтанда иесімен бірге зорлықшыны ұстаған ит марапатталды
Нұр-Сұлтанда иесімен бірге зорлықшыны ұстаған ит марапатталды

Нұр-Сұлтанда иесімен бірге зорлықшыны ұстаған ит марапатталды

Иттің ерлігі еленді. Елордада зорлықшыны ұстауға көмектескен Сергей Горбунов пен оның Дэни атты итіне полицейлер алғыс білдіріп, тіпті сыйлық тарту етті.

Дулат Жұмағұл, қалалық Полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Кеше 11 күні белгісіз 1984 жылы туылған азамат азаматшамен жыныстық қатынасқа түсіп, ұсталды. Қазір сот сараптамасы тағайындалып, соның қорытындысын күтіп отырмыз.

Оқиға бас қаладағы Алтынемел көшесінің бойында болған. Сергей Горбунов итімен серуендеп жүрген кезінде жарым-жартылай киінген әйел жүгіріп шығып, көмек сұрайды. Артынша, оны зорлауға әрекеттенгендерді байқап қалып, дереу полиция шақыртады. Алайда, күдіктелер ізін суытпақ болғанда маламут итімен бірге олардың артынан қуа жөнеледі. Күдіктіктілердің бірі жолға шығып, таксимен қашпақ болғанда Сергей оны көліктен сүйреп шығарады. Тұрғынның айтуынша, оған сол маңда ойнап жүрген балалар көмектескен. Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сергей Горбунов, қала тұрғыны:

-  Олардың ішімдік ішкені сезіліп тұрды. Бірақ қысым көрсетіп, қарсылық көрсетпеді. Тек біреуі қашуға ұмтылды. Оларды ұстауға итім көмектесті. Дэни жауынгерлік, қорғаныс, шабуылдау, аңшылыққа емес, тек жүгіруге арналған. Бес жылдан бері серігім.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде