{metadescription}
Елімізде жұмыссыздар саны азаяр емес
Елімізде жұмыссыздар саны азаяр емес

Елімізде жұмыссыздар саны азаяр емес

Екі қолға бір күрек таппай жүргендер саны азаймай тұр. Статистика комитетінің мәліметінше, шілдеде еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған. Бұл дегеніміз 440 мыңнан аса тұрғынның тұрақты табысы жоқ.

Салыстырмалы түрде айтсақ, сәуір айында да жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрапты. Қызметке орналаса алмай, сенделіп жүргендердің әрбір үшіншісі ғана жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген. Яғни, қазір мұндай мекемелерде ресми тіркелген жұмыссыздар 172 мың адамды құрап отыр. Ал, тұрақты қызметі бар халық саны 8 миллион 800 мың. Олардың 6 миллион 700 мыңы, яғни 76 пайызы жалдамалы еңбек етеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде