{metadescription}
Алматыда 1000 оқушы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді
Алматыда 1000 оқушы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді

Алматыда 1000 оқушы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді

Жақсылық жасаудан жарысайық! Алматыда 1000 оқушы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы бүгін орталық мешітте дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. Олар әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарға толы сөмке сыйлады.

Мектепке арналған алғашқы сыйлықтарын алған балалар бүгін ерекше бақытты. Марапаттау рәсімі өте салысымен, жаңа сөмкелерінің ішіндегі базарлықты қызықтады. Арқа қоржынына білім алушыға «ең керек» деген дәптер, қаламсап бұйымдарының барлығы салынған. Сондай-ақ, Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай тәттісі бар қорапшалар да үлестірілді. Шараға қаладағы қалталы азаматтар мен кәсіпкерлер де қолдау білдірген. Ұйымдастырушылардың айтуынша басты назарда - көп балалы отбасылар болған. Өйткені, тапқан айлығы шайлығына жетпейтін жандарға, жаңа оқу жылы басталарда бұл әжептәуір көмек дейді.

Бауыржан Есмахан, ҚМДБ төрағасының орынбасары:

- Алла тағала нәсіп етсе, осы балаларымыз «Мектепке жол» акциясы аясында әрі құрбан айттың қуанышын сезіп, жақсы оқып, оқуда озат болып, ата-аналарына үлкен қуаныш сыйлайды. Сонымен бірге еліміздің де бірлік, береке, ынтымағына, өркендеп өсуіне үлес қосатын үлкен азаматтар, азаматшалар болып шығады деп ойлаймыз.

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.