{metadescription}
Биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер саны 20 мыңға артты
Биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер саны 20 мыңға артты

Биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер саны 20 мыңға артты

Биыл мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер саны 20 мыңға артты. Білім алуға асыққан балақайлардың басым бөлігі 6 жастан асқандар. Бұл онсызда оқушыларды мектепке сыйғыза алмай отырған Білім және ғылым министрілігіне жығылғанға жұдырық болғалы тұр. Өйткені, елімізде әлі күнге 3 ауысыммен оқитын білім ордалары азаймаған.

Бір апта үзілістен соң Үкіметте бас қосқан министрлер бір-бірімен емен-жарқын амандасты. Тек Білім және ғылым министрі ойға шомған. Жаңа оқу жылының басталуына 20 күндей қалғанын ескерсек, Асхат Аймағанбетовтің шаруасы шаш етектен екені айтпаса да түсінікті. Өйткені, биыл елімізде 405 мың бала бірінші сыныпқа барады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Онсызда білім саласындағы былықты шеше алмай отырған шенеунік енді мектептердегі орын жетіспеушілігін жоюы тиіс.

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым министрі:

- Нұр-Сұлтан қаласында жылда көшіп келуге, баланың туылуына сәйкес оқушылар саны 20,25 мыңға өсіп жатыр. Алматы облысында 30-ға жуық 3 ауысымды мектеп болған. Бір жылда үш ауысымды 50 мектепке көбейді. Бұл тұрғыда министрлік жаңа методика әзірлеп жатыр. Бюджет тарапынан мектеп салу ғана емес, жекеменшік мектептердің үлесін өсіруге үлкен назар аударамыз.

Мектеп жетіспеушілігінен Алтай Көлгінов хабардар. Әкім биыл 17 мың оқушыға орын тауып беруі тиіс. Ол үшін шамамен жаңадан 37 білім ордасы керек. Бұл бір жылдың еншісіндегі мәселе емес. Кемі 5 жылдай уақыт қажет. Сондықтан шаһар басшысы оқушылардың кедергісіз білім алуына кәсіпкерлерді көмекке шақырмақ.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Бірақ бұл ретте республикалық бюджетке ғана иек артып отыру жарай қоймас. Жақында инвестициялық кеңесте 11 жеке мектепті қолдадық. Ол мектептер жеке инвестициялардың есебінен салынады. Яғни қадам-қадам сайын мәселе шешімін табуы тиіс. Осы жылы 1 қыркүйекке дейін 8 мектеп, 5 қосымша нысан және 3 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл 5 мың орынды жабуға септігін тигізеді.

Ал оған дейін мәселе басы ашық күйінде қалады. Өйткені елімізде 128 үш ауысымдық мектеп бар. Оның ішінде Алматы облысы, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр.

Басқасын айтпағанда бас қаладағы білім ордаларының құрылысын жандандыруға қолбайлау болып тұрған себеп көп. Елордада мектеп салатын жер жоқ. Инфрақұрылым мәселесі тағы бар. Қайткенде де министрлік астаналық бүлдіршіндерді тар мектептерге тығып қоймақ емес. Асхат Аймағанбетов қаладағы бос тұрған ғимараттарды аралап, кәдәге жарайтындарынан мектеп ашпақ ниетте. Дегенмен, бұл ең жас министрдің жоспары ғана. Ал нәтижесі уақыт еншісінде.

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.