{metadescription}
Елімізде жеке тұлғалардың салық бойынша берешегі 14 миллиард теңгеге жеткен
Елімізде жеке тұлғалардың салық бойынша берешегі 14 миллиард теңгеге жеткен

Елімізде жеке тұлғалардың салық бойынша берешегі 14 миллиард теңгеге жеткен

Елімізде жеке тұлғалардың салық бойынша берешегі 14 миллиард теңгеге жеткен. Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер қарапайым азаматтарды рақымшылыққа ілігу үшін белсенділік танытуға шақырды. Олардың айтуынша, қазір бір жарым миллионға жуық қазақстандықтың салық қарызы бар.

Марат Сұлтанғазиев, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- Олардың негізгі борышы бүгінгі таңда 14 миллиардтан астам. Ал есептелген өсімпұлдары 6,5 миллиардқа тең. Егер сол 14 миллиард төленетін болса, 6,5 миллиард өсімпұлдары кешіріледі.

Ал кәсіпкерлер керісінше белсенді. Рақымшылықты пайдаланып, өсімпұлдан құтылу үшін 90 мыңға жуық бизнесменнің жартысы негізгі қарыздарын жауап қойған. Сөйтіп олардың екі жарым миллиардқа жуық айыппұлы кешіріліпті. Салық рақымшылығы жыл соңына дейін жалғасатынын айта кетейік.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.