{metadescription}
Нұр-Сұлтанда орта жолда тоқтап қалған ЛРТ құрылысын жалғастыруға қаржы табылды
Нұр-Сұлтанда орта жолда тоқтап қалған ЛРТ құрылысын жалғастыруға қаржы табылды

Нұр-Сұлтанда орта жолда тоқтап қалған ЛРТ құрылысын жалғастыруға қаржы табылды

Кезінде мақтауы асып, бірақ жұмысы орта жолда тоқтап қалған ЛРТ құрылысын жалғастыруға қаржы табылды. Енді «Halyk bank» жеңіл рельсті көліктің құрылысына 500 млн долларын бөледі. Бұл жайында Елорда әкімі хабарлады.

Алтай Көлігіновтің айтуынша, қажетті соманың екінші бөлігін «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі қаржыландырады. Мекеме 100 млн доллар АҚШ ақшасын береді. Шаһар басшысының айтуынша, бұл сома жұмысты бастап кетуге жеткілікті. Қазір тиісті құжаттар әзірленуде. Бұдан бөлек, шенеуніктер қытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылданған. Жауаптылар көрші елге қарыздар болмау арқылы 800 млн доллар үнемделгенін жасырмады. Сондай-ақ, бас қаланың басшылығына тағайындалғанына бүгін тура 2 ай болған Алтай Көлгінов астанадағы ең өзекті мәселелердің үштігін жасап үлгерген.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Біріншіден, үлескерлер мәселесі шешуге тиіспіз. Қазір қалада қиын жағдайда тұрған 50-ге нысан бар. Олардың құрылысы 5, 10 жылға дейін созылып кеткен. Ал салымшылардың саны 14 мыңға жетіп отыр. Екіншіден, қала маңын абаттандыру керек. Үшіншіден, қалаға газ тарту қажет.

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде