{metadescription}
Арыста өтемақы алғысы келген тұрғын өз баспанасын қиратып тастаған
Арыста өтемақы алғысы келген тұрғын өз баспанасын қиратып тастаған

Арыста өтемақы алғысы келген тұрғын өз баспанасын қиратып тастаған

Арыс қаласында мемлекеттен өтемақы алғысы келген тұрғын өз баспанасын балталап тастаған. Ол бір түннің шінде жарылыстан аман қалған үйдің бүтін қабырғасын құлатқан. Оған көршілері куә.

Арыс қаласы, Төле би көшесіндегі нөмері 183 үйдің иесі комиссия шешіміне разы емес. Үйді тексерген құрылысшылар тек күрделі жөндеу жүргізілетінін мәлімдеген. Ал, тұрғынның басты талабы - баспанасын толықтай сүріп, орнына жаңасын салу. Артынша айтқаны орындалмағасын үйін осындай күйге түсірген. Мынау үйдің қабырғасы құламаған кез. Көршісіне кірпіштен жаңа баспана салынып жатқанын көрген тұрғын өз үйін балталап, жарамсыз күйге түсіріп отыр. Сондай-ақ, бүгін Арыста мемлекеттен өтемақы өндіру мақсатында жылжымайтын мүлікті бүлдірген тағы бір дерек тіркелді. Мадалиев көшесіндегі нөмері 125 үйдің иесі баспанасының терезелерін жұлып, күрекпен шатырын сындырған. Артынша комиссия шақыртуды талап еткен. Жергілікті билік өкілдері болған жайтты тіркеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.