{metadescription}
Алмазбек Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыпталды
Алмазбек Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыпталды

Алмазбек Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыпталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа ауыр айып тағылды. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаевтың айтуынша, ол «мемлекеттік төңкеріс» жасауға қамданған.   

Опумбаев Атамбаевтың ақша тарату арқылы айналасына ел-жұртты топтастарғанын алға тартады. Олардың көбі қарттар мен әйелдер болған дейді. Сондай-ақ, Атамбаев Азиз Батукавтың ісі бойынша жауап алуға келмеген соң, «Альфа» арнайы жасағының күшін қолдану туралы шешім қабылданған. Сөйтіп, экс-президентті тұтқындаудың бес тәсілі пысықталып, ең тиімдісі қолданылыпты. Айта кетерлігі, Атамбаев күштік құрылымның әр қадамын біліп отырған. Себебі, оның онда жансыздары болыпты-мыс. Төнген қауіптен алдын ала хабардар Алмазбек Атамбаев жұртты жиып, дау шығару әдетін тапқан дейді. Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Бішкекке жақын Қой-Таш ауылындағы резиденцияда бұрынғы президентті құрықтау операциясы жүргізілген еді. Алайда үйге баса-көктеп кірген арнайы жасақ, Атамбаев жақтастырының қарсылығына ұшырап, солардан оңбай таяқ жеген. Қарулы қақтығыс кезінде, бір жауынгер қаза тауып, 50 ге жуық адам түрлі дене жарақатын алған. Ал жағдайды ушықтырғысы келмеген Атамбаев кейін күштік құрылымға өз еркімен берілген. Ол о баста сыбайлас жемқорлыққа және қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батуковтың түрмеден мерзімінен бұрын шығуына қатысы бар деп айыпталды.

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде