{metadescription}
Норвегияда заңсыз жүрген қазақстандық мигранттар күрт көбейіп кеткен
Норвегияда заңсыз жүрген қазақстандық мигранттар күрт көбейіп кеткен

Норвегияда заңсыз жүрген қазақстандық мигранттар күрт көбейіп кеткен

Норвегияда заңсыз жүрген қазақстандық мигранттар күрт көбейіп кеткен. Тіпті Сыртқы істер министрлігіндегілер жат жерде жалданып жұмыс істейтін жерлестеріміздің нақты саны белгісіз дейді.

Олардың айтуынша, Кореядан кейін, осы ел отандастарымыз үшін табыс табуға таптырмас жерге айналған. Сондықтан жоғары жалақыға қызыққан отандастарымызды шетелде жұмысқа орналастырамын деп алдап соғатын компаниялар да қаптаған. Сыртқы істер министрлігі мұндай фирмалардың көмегіне жүгінбес бұрын барынша сақ болуға шақырып отыр. Өйткені Норвегияда еңбек етіп, табыс табуға рұқсат беретін құжатты тек Мәскеудегі елшіліктен ғана алуға болады. Сондықтан бұл елге заңсыз келген біздің азаматтар жаппай депортацияланып жатыр.

Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Маусымдық жұмысқа рұқсатты рәсімдеу туралы Норвегия ережесі өте қатаң. Сондықтан Норвегияға Қазақстандағы басқа еуропалық елдердің елшіліктері арқылы рәсімделген Шенген визасымен келуге және құжаттарды маусымдық жұмысшы ретінде беруге рұқсат етілмейді. Қазақстандықтар үшін тиісті рұқсат пен визаларды Норвегияның Мәскеудегі елшілігі ғана береді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде