{metadescription}
Елімізде бензинді автоцистернамен көрші елдерге тасымалдауға уақытша тыйым салынуы мүмкін
Елімізде бензинді автоцистернамен көрші елдерге тасымалдауға уақытша тыйым салынуы мүмкін

Елімізде бензинді автоцистернамен көрші елдерге тасымалдауға уақытша тыйым салынуы мүмкін

Елімізде бензинді автоцистернамен көрші елдерге тасымалдауға уақытша тыйым салынуы мүмкін. Энергетика министрлігі осындай бастама көтерді. Өйткені, көрші елдермен шекараның ашықтығын пайдаланған алыпсатарлар мол табысқа кенелуде. Ал, оның салдарынан ішкі нарықта отын тапшылығы сезілуі мүмкін деген қауіп бар. 

Нұрлыбек Жеңісбек, Энергетика министрлігінің ресми өкілі:

- Бұл ретте бағаның айырмашылығы үлкен маңызды рөл атқарады. Сондықтан мемлекеттік органдар мұнай өнімдерін, әсіресе, бензинді шет мемлекеттерге тасымалдауға шектеу қою туралы бірлескен бұйрық әзірлеп жатыр. 

Көрші елдермен салыстырғанда бізде отын бағазасы екі есе арзан. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланғандар канистрлар мен цистерналарды толтырып тасып жатыр. Әсіресе, соңғы уақытта ресейліктерді шекаралас өңірлердегі жанармай бекеттерінен жиі кездестіруге болады. Енді жауаптылар жанармайдың жаппай тасымалдануына тосқауыл қою мақсатында уақытша тыйым салуды көздеп отыр. Бұйрық күшіне енген соң, тек 20 литр бензинді шекарадан өткізуге рұқсат беріледі.

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.