{metadescription}
Ақтөбеде пошта қызметкері 20-дан астам зейнеткердің шотындағы ақшаны алып қойған
Ақтөбеде пошта қызметкері 20-дан астам зейнеткердің шотындағы ақшаны алып қойған

Ақтөбеде пошта қызметкері 20-дан астам зейнеткердің шотындағы ақшаны алып қойған

Ақтөбеде пошта қызметкері жиырмадан астам зейнеткердің карточкасындағы ақшаны ұрлап кеткен. Ол қарттардың сыртынан жалған құжат толтырып, карточканың көшірмесін жасатып алады. Осылайша зейнетақы түскенде есеп-шоттарынан ақшаны шешіп алып отырған. Ал «Қазпоштаның» жергілікті филиалының басшылары қызметкердің мұндай алаяқтығын кеш білдік дейді. Ақшаларынан айырылған зейнеткерлер енді сот жағалап сандалып жүр.

Жетпіс төрт жастағы Николай Кенегесов екі жүз шақырым жердегі Бегалы ауылынан күнде Ақтөбеге қатынауға мәжбүр. Қазір сот арқылы ұрланған үш айдың зейнетақысын даулап жүр. Есеп картасынан пошта қызметкері бір тиын да қалдырмай бар жинағанын шешіп алған. 

Николай Кенегесов, Бегалы ауылының тұрғыны:

- Қырық мыңды бір алды. Сосын жүз мың кетті. Қалған 5-6 мың бар еді, оны да алып кеткен. Жалпы 150 мыңдай теңгемді жоқ қылған. «Қазпоштаның» Қобдадағы қызметкерлерінен көремін. Көретін себебім – ол жерге балдақпен сүйретіліп жеткенімде, «прокуратураға, полиицияға бармай-ақ қойыңыз, өзіміз тауып береміз» деді.

Николай ақсақал секілді жиырмадан астам зейнеткер зейнетақысынан айырылған. Қазпоштада қызмет еткен келіншек олардың барлығының сыртынан құжат дайындап, жинақ карточкаларының көшірмесін жасатыпты. Осылайша жалпы үш жарым миллион теңгені ұрлаған. Енді оны өндіру үшін алыс ауылдардан Ақтөбеге күнде қатынау зейнеткерлерге оңай болмай тұр.

Күләш Сарина, Қарауылкелді ауылының тұрғыны:

- Зейнетақыны керек уақытында шетінен аламыз. Қалғаны сол шотта тұра береді. Солай жиналып тұрған ақша ғой. Жаңа карточкаға ауысатын кезде іздедік. Анау Байғанин ауданынан таксимен келемін. Сотқа қайта-қайта келе беру оңай емес, әрине. Енді осы мәселе тез шешіліп, ақшамызды қайтарса дейміз.

«Қазпошта» басшылары болса қызметкерінің алаяқ екенін кеш білдік деп отыр. Ұрлығы ашылғанға дейін келіншек жұмыстан шығып кеткен көрінеді. Жинақ карточкасынан қолды болған ақшаны ұрының өзі қайтарсын, біздің еш қатысымыз жоқ деп жолатпайды.

Тасболат Тілеумағанбетов, «Қазпошта» АҚ АФ қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

- Камера бар ғой. Тексеріс жүргізілді. Біз кімнің шотынан қанша ақша алыныпп жатқанын қарай алмаймыз. Өзі қайтаруы керек. Бәріне қолхат берді. Өзінің кінәсін мойындады.

Поштаның бұрынғы қызметкері кінәсін мойындағанымен, қазір тауып беретін ақшасы жоқтығын айтқан. Ал, одан зейнетақысын даулап жүрген зейнеткердің бірі өмірден озыпты. Енді қалғандары қартайғанда сотқа сандалтпай, «Қазпошта» мекемесінің өзі ақшамызды қайтарып берсе дегенді айтады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.