{metadescription}
Алматының маңайы тағы да отқа оранды
Алматының маңайы тағы да отқа оранды

Алматының маңайы тағы да отқа оранды

Алматының маңайы тағы да өртке оранды. Бұл жолы облыс аумағына жататын қалаға тиіп тұрған Бесағаш ауылындағы тау бөктері жанып кетті. Лап еткен қураған шөп демде қарқын алып, етектегі тұрғындар әрі-сәрі күйге түсіпті.

Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Оқиға орнында шамамен 150-дей адам жұмыс істеді. Өрт 14 тамызда сағат 9:30-да тоқтатылды. Жанған аумақтың көлемі 45 гектар.

Төтеншеліктер өрттің жақын маңайдағы үйлерге өтіп кетпеуіне бар күшін салып, түнімен жалынды сөндірген. Себебі, Бесағаш ауылында тұтанған жалынның аумағы Думан шағын ауданымен шектескен. Сондықтан облыстық өрт сөндірушілер мен Іле-Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлеріне алматылық төтеншеліктер көмекке келіпті. Қазір қауіп толықтай сейілді дейді мамандар. Айта кетейік, өткен демалыс күндері табиғаты көркем Көктөбе өртеніп, төтеншеліктер тікұшақтың көмегіне жүгінген болатын. Тіпті, тілсіз жау ауыздықталғасын өртенген аймақтан 1 адамның мәйіті табылды. Ал, күн сайын қылаң беретін өрттің алдын алуды көздеген мамандар Көктөбенің маңында кезекшілік ұйымдастыруға көшіпті.

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

- Сол өрт қайталанбауы үшін, алдын алу үшін сол жерде жұмыстар жүргіземіз. Полиция департаментінен 3 қызметкер, Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер күнделікті тексереді. Және де үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.