{metadescription}
Қарқаралыны от құрсауынан құтқаруға Ұлттық Ұлан сарбаздары аттанды
Қарқаралыны от құрсауынан құтқаруға Ұлттық Ұлан сарбаздары аттанды

Қарқаралыны от құрсауынан құтқаруға Ұлттық Ұлан сарбаздары аттанды

Қарқаралыны оттың құрсауынан құтқаруға Ұлттық Ұлан сарбаздары аттанды. Қарағанды облысындағы ұлттық саябақта бас алған өрт үш күннен бері ауыздықталмай жатыр. Адамның амалына бой бермеген тілсіз жау 2 жарым мың гектарды шарпып үлгерген.

Ұлттық саябақ аумағындағы 180 гектар орман-тоғай күлге айналды. Бүгінге дейін отпен 170 өрт сөндіруші, 27 техника мен 2 тікұшақ арапалысып келген. Енді оларға көмекке 85 сарбаз бен тағы екі техника жетті. Айта кетсек алғашында жазық далада шөп жанған. Кейіннен ұлттық саябақтағы орман шетіне ілігіпті. Қарқаралы ауданында кешеден бері табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Тіпті арнайы комиссия барып, апаттың бетін қайтарудың жолдарын қарастырып жатыр екен. Алайда, тілсіз жауды толық өшіруге әлі мұрша жетер емес.

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД бастығы:

- Өртті сөндіруде қиыншылық бар. Күннің ыстығы және қатты жел болып тұр. Кеше ол секундына 10-15 метр жылдамдықпен соқты. Желдің бағыты күнде ауысып жатыр. Одан кейін өрт болып жатқан аумақ – таулы жерлер. Оған техника бара алмайды. Тек қана тікұшақпен және жаяу жүріп сөндіріп жатырмыз.

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.