{metadescription}
Сыртқы істер министрлігі Гонконгтағы отандастарымызды сақ болуға шақырды
Сыртқы істер министрлігі Гонконгтағы отандастарымызды сақ болуға шақырды

Сыртқы істер министрлігі Гонконгтағы отандастарымызды сақ болуға шақырды

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Гонконгтағы қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді. Қазір ол жақтағы наразылық шараларының шиеленісуіне байланысты әуе рейстерінің уақытылы ұшпай жатыр.

Бұған дейін Гонконгтағы шиеленістің салдарынан отандастарымыз елге орала алмай қалған еді. Шетелде демалып жүрген Ысқақовтар отбасы үш баласымен 12-ші тамызда Абу-Дабиге ұшуы тиіс болатын. Алайда, Гонконг әуежайында ереуіл басталып, жолаушылар діттеген жеріне жете алмады. Ведомствоның  хабарлауынша, астаналық отбасы дін аман. Олар елордаға оралған. Айта кетсек, наразылық шарасы 2 айдан астам уақытқа созылды. Қарсылық білдірушілер күдіктілерді Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын қабылдамауды, наразылық кезінде ұсталғандарды босатып, күш қолданған полицейлерді жазалауды талап етуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде