{metadescription}
«Астана су арнасының» бұрынғы басшысы параға үш бөлмелі пәтер алған
«Астана су арнасының» бұрынғы басшысы параға үш бөлмелі пәтер алған

«Астана су арнасының» бұрынғы басшысы параға үш бөлмелі пәтер алған

Пара орнына 3 бөлмелі пәтерді алған. Елордада «Астана су арнасы» мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты.

Данияр Бегайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi 1-шi департаментiнiң аға тергеушiсi:

- Мекеменің басшысы бола тұрып, «Технополисжилстрой» ЖШС-нің басшысынан «Жас отбасы-2» тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтерді ауызбастырыққа алған. Осы параны жылжымайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беру туралы қосымша келісім-шартын жасағаны үшін алыпты.

Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Уәлихан Досаев 7 жылға түрмеге тоғытылды. Досаев мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас директоры болып жұмыс істеген кезінде параны қарамағандағы қызметкері арқылы алған. Белгілі болғандай экс директор осы мекемені 2010 жылдан бастап 6 жыл бойы басқарған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде